|
Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы (БҰҰДБ) адамдарың өмір сүруін жақсартуға бағытталған, мемлекеттерді ақпарат көздері, тәжірибе, қорлармен байланыстыра отырып оңтайлы өзгерістерді қолдайтын, даму мәселелеріне қатысты БҰҰ-ның дүниежүзілік жүйесі. Біздің өкілеттілігіміз 166 мемлекетте қызмет етеді. Біз оларға маңызды мәселелерді, дамудың ғаламдық және ұлттық мәселелерін өз бетімен шешуде жауапты іс-әрекеттерді қалыптастыруына атсалысамыз. Бұл мемлекеттер өз мүмкіншіліктерін қалыптастыру барысында біздің сарапшылар мен көптеген серіктеріміздің көмегіне жүгінеді.
Мыңжылдық тоғысындағы даму саласындағы Мақсаттардың табыстылығын, осы мақсаттарды біріктіретін басты мақсат – 2015 жылы кедейшілік деңгейін 2 есе азайтуды әлемдік басшылар өздеріне міндет қылып тағайындады. БҰҰДБ жүйесі осы мақсаттарға жету жолында ғаламдық және ұлттық іс-әрекеттерді байланыстып, үйлестіреді. Біздің негізгі қызметіміз мемлекеттерге демографиялық басқару, кедейшілікпен күрес, дағдарыстардың алдын алу және қалыптасу, энергетика және қоршаған орта саласында шешім табу және тәжірибе алмасу жолдарын қарастыруға көмек беруде топталған.
Жаңалықтар мен оқиғалар / Анонс / Жаңалықтар мұрағат / RSS Канал
Көлік саласындағы жергілікті сарапшыларды БҰҰ тренингінде көліктен шығатын парник газдары шығарындыларын есептеуге үйретті 14 Желтоқсан 20112011жылғы 7 желтоқсанда Алматыда ҒЭҚ/БҰҰДБ «Алматы қаласының орнықты көліктері» (АҚОК) жобасының шеңберінде ҒЭҚ көлік жөніндегі жобасының атынан парник газдары шығарындыларын бағалау жөнінде тренинг өтеді.
Нақтырақ… | Адам құқығы күніне байланысты үндеу 10 Желтоқсан 2011 Адам құқығына барлық адамдар бірдей ие болады. Сонымен бірге егер біз осы құқықтарды білмесек, оларды құрметтеуді талап етпесек және өзіміздің және басқаның құқығын сақтамасақ, онда олар, тек ондаған жылдар бұрын қабылданған құжаттың бос тұжырымына айналады.
Нақтырақ… | Сайлау комиссиясының жас мүшелері үшін тренингтер 06 Желтоқсан 2011Бүгін Қызылорда қ. Павлодар аймақтық басқару мектебі Қазақстандағы БҰҰДБ бірлесе отырып және БҰҰ Демократиялық қорының қолдауымен ұйымдастырған сайлау комиссиясының жас мүшелеріне арналған оқыту іс-шаралары сериясының соңғы тренингі аяқталды. Қарашаның басынан бастап осыған ұқсас аймақтық семинарлар Ақтөбе, Алматы, Атырау, Көкшетау және Павлодар қалаларында өткізілген болатын. Нақтырақ… |
«Демократиялық басқару» | «Халықтың барлық жіктерінің мүдделеріне сай даму » | «Қоршаған орта және энергетика» | Алдыңғы қатарлы әлемдік тәжірибеге сүйене отырып, Елдік кеңсе Қазақстанның демократиялық консолидациясына институционалдық және әдістемелік реформалар жасауда ат салыса отырып көмек көрсетеді, сонымен қатар басты мүдделі жақтардың әрекеттерін біріктіріп, олардың қарым-қатынасына түрткі бола отырып консенсусқа жетуіне ас салысады. БҰҰДБ басты және жергілікті сайлау комиссияларын институционалды нығайту, сонымен қатар ұлттық және жергілікті өкілетті органдардың потенциалын нығайту салаларында жұмыс атқарады.БҰҰДБ қазақстандықтардың азаматтық сана-сезімін арттыруға ұмтылады және мемлекет пен азаматтық қоғам ұйымдарының арасындағы интерактивті қызметтестіктің күшеюін қолдайды. Нақтырақ… | Даму инклюзивті бола алады – халықтың барлық топтары мүмкіндіктер тудыруға өз үлестерін қосқан жағдайда, дамудың қамтамассыз ететін артықшылықтарымен бөліскен және шешімдер қабылдауда қатысқан жағдайда ғана кедейшіліктің азаюына әкелуі мүмкін. Қазақстандағы Елдік кеңсе ұлттық серіктерге инклюзивті дамуға бағытталған стратегиялар мен бағдарламаларды дайындап жүзеге асруға асыруға көмек көрсетеді. Нақтырақ… | БҰҰДБ ғаламдық маңызды биологиялық алуан түрлілікті сақтау, ғаламдық жылудың және озон қабатының жұқаруының алдын алуға арналған шараларды жүргізудегі Үкіметтің іс-әректтерін қолдайды. Сулы-сазды жерлерді, жайылымдарды, далалық экологиялық жүйелер мен таулы агробиоалуантүрліліктің генетикалық қорын сақтаудағы тиімді басқаруды қолдайды. Басқа маңызды шаралар жылыту мен ыстық сумен қамтамассыз етудің энергетикалық тиімділігін жоғарлату, сонымен қатар қалпына келетін энергия көздерін енгізумен байланысты. Нақтырақ… |
|