Development and Transition
kick out poverty
Ассамблея народов Казахстана
Сіздің ойыңызша, Қазақстандағы БҰҰ Даму Бағдарламасының қай саладағы қызметі өзекті?
Климаттың өзгеруіне қарсы күрес
Қазақстандағы энергожабдықтауды жоғарылату
Каспий биологиялық алуан түрлілгін сақтау
Тұрақты даму
Кедейшілікпен күрес
Әлеуметтік қызмет көрсетуді жақсарту
Гендерлік теңдік
Қазақстанның сулы-батпақты алқаптарын сақтау
Аймақтық даму
Ақпарат көздеріне шығу мүмкіндіктерін жақсарту

БҰҰ-ның жобалары
БҰҰДБ/ҒЭҚ Aлтай-Саян жобасы
БҰҰДБ/ҒЭҚ сулы-батпақты жобасы
БҰҰДБ/ҒЭҚ жел энергетика жобасы
SysLab жобасы
Энергмялык жобасы
Басты бет / Пресс-орталық / Жаңалықтар мен оқиғалар

Жаңалықтар мен оқиғалар

2010-08-17 | Жаңалықтар мен оқиғалар
ҚР Сыртқы істер министрлігінде Семипалатинск аймақтарға көмек көрсету нәтижелерін және 2010-2015 жылдарғы даму басымдықтарын талқылау жөнінде «дөңгелек стол» болып ө
Бұл іс-шара 2010 жылғы 26 тамызда өтетін және БҰҰ Бас Ассамблеясының 29 тамызды Ядролық сынаққа қарсы іс-әрекет күні деп атап өту туралы қарар қабылдауының алғашқы бір жылдығына арналатын Халықаралық конференцияның алдында ұйымдастырылып отыр.
2010-08-06 | Жаңалықтар мен оқиғалар
Өскеменде ақпаратқа қол жеткізу туралы заң жобасы талқыланады
БҰҰ Даму бағдарламасының «Қазақстандағы ашықтық және ақпарат пен сот әділдігіне қол жеткізу» жобасы аясында әзірленген және Ұлыбританияның Қазақстандағы Елшілігінің қаржылық қолдауымен Өскемен қаласының облыстық әкімдігінде Қазақстанда жария ақпаратқа қол жеткізу туралы заң жобасы бойынша өңірлік қоғамдық тыңдау өткізіледі.
2010-08-05 | Жаңалықтар мен оқиғалар
Ауылда баламалы қызметті дамыту үшін микрокредит беру
2010 жыл, 5 тамыз Астанада баламалы қызмет түрлерін дамыту үшін шағын несие берудің басжылдық бағдарламасы басталады. Кездесу барысында ҚР АШМ Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті мен Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорының (АШҚҚҚ) арасында Қазақстандағы БҰҰ Даму Бағдарламасының (БҰҰДБ) қатысуымен микрокредит беру туралы тиісті келісімге қол қойыды.
2010-07-01 | Жаңалықтар мен оқиғалар
ШҚО-ның белсенді оралмандары автобус аялдамаларын орнату бойынша еріктілік акция өткізді
ШҚО Зайсан қаласында БҰҰДБ/БҰҰЕ және белсенді оралмандар ұйымдастырған волонтерлік акция өткізілді. Акцияға қатысушылар өз күшімен олар үшін туған қаласындай болған қаланың барынша көп адамдар жүретін орындарында автобус аялдамаларын орнатты. Әзірге аялдамалар қалалық аурухана мен автовокзалдың жанында орнатылды.
2010-07-01 | Жаңалықтар мен оқиғалар
Астаналық Экономикалық Форум – бірқалыпты дамуға жол
Астаналық Экономикалық форумы - Қазақстанның басқаласында өтетін жыл сайынғы шара, уақыт өте өз салмағын алып үлгерумен қатар өте тиімді екенін көрсетті. Оның қайталанбас ерекшелігі, форумның диалогында тек саясаткерлер мен кәсіпкерлер ғана емес, сонымен қатар экономика және қаржы саласындағы үздік ғалымдар, Нобел және басқа премияларының лауреаттары қатысады. Сондықтан қабылданған шешiмдер айқын тексерiлген және дәл.
2010-06-28 | Жаңалықтар мен оқиғалар
ШҚО оралмандары өз күшімен мектеп спорт құрылысын қалпына келтіріп, жөндеуде
Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы Молодежное кентінде БҰҰДБ/БҰҰЕ «Оралмандардың әлеуметтік-экономикалық интеграциясының дамуы» жобасымен бірлесіп, белсенді оралмандар ұйымдастырған еріктілік акциясы болып өтті. Репатрианттар өз күшімен мектеп спорт құрылысын қалпына келтіріп, жөндеді.
2010-06-25 | Жаңалықтар мен оқиғалар
«Арнайы әлеуметтік қызметтер туралы» ҚР Заңын іске асыру және Мүгедектердің құқықтары туралы БҰҰ Конвенциясын ратификациялауға дайындау өңірлік семинарлар
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен Қазақстандағы БҰҰДБ Қостанай және Атырау облыстарының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармаларының қолдауымен 2010 жылғы 28-29 маусымда Қостанай қаласында және 2-3 шілдеде Атырау қаласында «Арнайы әлеуметтік қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру және Мүгедектердің құқықтары туралы БҰҰ Конвенциясын ратификациялауға дайындау мәселелеріне арналған өңірлік семинарлар өткізеді.
2010-06-14 | Жаңалықтар мен оқиғалар
Шығыс Қазақстанда отын плантациясы отырғызылды
ШҚО Катонқарағай ауданының Акмарал ауылының маңында «Орман күні» деген атаумен тез өсетін теректерды отырғызу акциясы өтті. 1 гектар жерге 5 мыңға жуық терек саптары отырғызылды. Бұл арқылы БҰҰДБ жобасы Катонқарағай ұлттық парктің орман биоценозын калпына келтіру мақсатында орман экосистемасына залал келтірмей плантацияда өсірілген ағаштарды ұзақ мерзімді қолдануға негіз салды. Жасалған плантация жергілікті тұрғындардың отын бойынша мұқтаждықтарын қамтамасыз ету керек.
2010-05-21 | Жаңалықтар мен оқиғалар
ШҚО экспортқа бағдарланған кәсіпорындарының сауда қатынастарына тиімді қатысуы
БҰҰДБ «Кеңейтілген Еуропа: Орталық Азия, Оңтүстік Кавказ және ТМД батыс елдерінің сауда ісіне жәрдемдесу» жобасы аясында «ШҚО экспортқа бағдарланған кәсіпорындарының сауда қатынастарына тиімді қатысуы» тақырыбына дөңгелек үстел болып өтті.
2010-05-21 | Жаңалықтар мен оқиғалар
Жақтардың келісуі – медиатордың негізгі міндеті
Астанада «Қолданбалы рәсімдер институтын (медиация) енгізудің өзекті мәселелері» атты дөңгелек үстел отырысы болып өтті. Қоғам назарына заң жобасы ұсынылды, оның әзірленуіне беделді ғалым және тәжірибешілер Бычкова Светлана Федоровна, Баймолдина Зәуреш Хамитқызы, Сүлейменов Майдан Күнтуарұлы, Қаудыров Төлеш Ерденұлы, Савченко Светлана Юрьевна, Нұрғалиева Еңлік Нұрғалиқызы және басқалар үлесін қосты. Заң жобасының әзірленуі кезінде ЮНИСЕФ және Қазақстандағы БҰҰ даму бағдарламасы сараптамалық қолдау көрсетті.
2010-05-19 | Жаңалықтар мен оқиғалар
Ерекше қорғалатын табиғи аумаққа басқару жоспарын дайындау
Үстіміздегі жылдың 18-19 мамыр күндері ГЭФ/БҰҰДБ «Далалық экожүйелерді сақтау мен орнықты басқару» жобасымен «Ырғыз-Торғай» мемлекеттік табиғи резерватында «Ерекше қорғалатын табиғи аймаққа басқару жоспарын дайындау» тақырыбына семинар өткізілді.
2010-05-11 | Жаңалықтар мен оқиғалар
БҰҰ Даму бағдарламасы мүгедектердің проблемаларын баяндайтын БАҚ басылымдарындағы ең үздік жарияланымдарға/жарияланымдар серияларына конкурс жариялайды
Осы конкурс Мүгедектер құқықтары туралы Конвенцияны ратификациялауға Қазақстан Республикасының дайындық процесін қолдауға өткізіледі.
2010-04-24 | Жаңалықтар мен оқиғалар
«Оралмандардың әлеуметтік және экономикалық ықпалдасуын дамыту» атты БҰҰДБ/БҰҰЕБ Жобасы Семей қаласының әкімшілігімен серіктестігінде «Қоғамдастықты мобилизациялау»
Шығыс Қазақстан облысында жиырма мыңнан астам оралман тұрады, алайда әлеуметтік ықпалдасу мәселелері әлі де шешуді қажет етеді. Мәслихаттың мақсаты – оралмандармен жұмыс істеген қызметкерлердің әлеуетін көтеру, сонымен қатар оралмандарды әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру мақсатында үкіметтік емес ұйымдарды құруды үйрету.
2010-03-31 | Жаңалықтар мен оқиғалар
ЖЫЛУДЫ ЕСЕПТЕУ ҚҰРАЛДАРЫН ОРНАТУ – ЭНЕРГИЯНЫ ҮНЕМДЕУГЕ ЫНТАЛАНДЫРАДЫ
Біріккен Ұлттар Ұйымының және Ғаламдық Экологиялық Қордың (БҰҰДБ/ҒЭҚ) энергияның тиімділігі жөніндегі жобасы «Жалпыүйлік жылуды есептеу құралдарын орнату, энергияны үнемдеуге бірінші қадам: тұтынушылардың міндеттері мен мүмкіндіктері» тақырыбына арналған дөңгелек үстел өткізді.
2010-03-31 | Жаңалықтар мен оқиғалар
БҰҰДБ Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен бірлесіп мүмкіндіктері шектеулі адамдарды әлеуметтік қорғау жүйесін жетілдіру жөніндегі жобаны іске асыру
Қазақстандағы БҰҰ ДБ Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен бірлесіп, мүгедектердің құқықтары және арнайы әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін дамыту туралы БҰҰ Конвенциясы шеңберінде мүмкіндіктері шектеулі адамдарды әлеуметтік қорғау жүйесін жетілдіру жөніндегі екі жылдық жобаны іске асыруға кіріседі.
2010-03-26 | Жаңалықтар мен оқиғалар
«2020 СТРАТЕГИЯСЫ: ӘЙЕЛДЕР ҮШІН ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР» халықаралық конференциясы
2009 жылдың желтоқсан айында «Ерлер мен әйелдердің тең құқықтары мен тең мүмкіндіктерінің мемлекеттік кепілдері туралы» Қазақстан Республикасы Заңының қабылдануымен байланысында, халықаралық конференцияның басты мақсаты мүдделі қоғамдастықты ұлттық гендерлік саясат жағдайы туралы хабардар ету және «Ерлер мен әйелдердің тең құқықтары мен тең мүмкіндіктерінің мемлекеттік кепілдері туралы» заңын жүзеге асыру механизмін жетілдіру үшін жұмыс тобын құру.

2010-02-16 | Жаңалықтар мен оқиғалар
Энергетика және коммуналдық тұрғын үй шаруашылығы салаларына инновацияларды енгізу
Астана қаласында энергетика және коммуналдық тұрғын үй шаруашылығы салаларында инновацияларды дамыту және енгізу бойынша бастамалар мен мүмкіндіктерді қарастыратын семинар өткізіледі.
2010-02-10 | Жаңалықтар мен оқиғалар
Ауылды аймақтардағы әлеуметтік жоба: мүмкіндіктері мен перспективалары
Семей қаласы, ШҚО – Біріккен Ұлттар Ұйымы Даму Бағдарламасының «Бұрынғы Семей ядролық полигонының аумағында адам қауіпсіздігін күшейту» жобасының көлемінде жергілікті атқарушы билігімен серіктестігінде екі күндік «Әлеуметтік жобалау» семинары өтеді. Дәл сондай семинар Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының Егіндібұлақ ауылында 12-13 ақпан күндері өтеді.
2010-02-05 | Жаңалықтар мен оқиғалар
БІРЛЕСКЕН НОРВЕГИЯЛЫҚ-ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ЕҢБЕКПЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ АШЫЛУЫ
2010 жылдың 5 ақпан күні Астана қаласында Норвегия Корольдігінің тақ мұрагері ханзада Хокон Магнустың Қазақстанға ресми сапарының көлемінде Еңбекпен қамтамасыз ету орталығының салтанатты ашылуы өткізіледі.

2010-01-13 | Жаңалықтар мен оқиғалар
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ЖЕЛ ЭНЕРГИЯСЫ САЛАСЫНДАҒЫ
Бұқаралық ақпарат құралдарына 2010 жылғы 14 қаңтарда «Қазақстан – жел энергиясы нарығын дамыту бастамасы» БҰҰДБ/ҒЭҚ жобасы шеңберінде Астана қаласында Украина өкілдерінің қатысуымен жел энергетикасы саласында жобалардың даму перспективасына арналған семинар өткізілетінін құрметпен хабарлаймыз.

1 | 2

Home | Contacts | Public Information Policy
Copyright 2008-2010 © UNDP Kazakhstan
Сайтты жасау —
«Веб студия 4Design»