UNDP Global Web Site
Development and Transition
kick out poverty
Ассамблея народов Казахстана
Сіздің ойыңызша, Қазақстандағы БҰҰ Даму Бағдарламасының қай саладағы қызметі өзекті?
Климаттың өзгеруіне қарсы күрес
Қазақстандағы энергожабдықтауды жоғарылату
Каспий биологиялық алуан түрлілгін сақтау
Тұрақты даму
Кедейшілікпен күрес
Әлеуметтік қызмет көрсетуді жақсарту
Гендерлік теңдік
Қазақстанның сулы-батпақты алқаптарын сақтау
Аймақтық даму
Ақпарат көздеріне шығу мүмкіндіктерін жақсарту

БҰҰ-ның жобалары
БҰҰДБ/ҒЭҚ Aлтай-Саян жобасы
БҰҰДБ/ҒЭҚ сулы-батпақты жобасы
БҰҰДБ/ҒЭҚ жел энергетика жобасы
Энергмялык жобасы
Басты бет / Пресс-орталық / Жаңалықтар мен оқиғалар

Ауылды аймақтардағы әлеуметтік жоба: мүмкіндіктері мен перспективалары

10.02.2010


2010 жылыдың 10-12 ақпан күндері, Семей қаласы, ШҚО – Біріккен Ұлттар Ұйымы Даму Бағдарламасының «Бұрынғы Семей ядролық полигонының аумағында адам қауіпсіздігін күшейту» жобасының көлемінде жергілікті атқарушы билігімен серіктестігінде екі күндік «Әлеуметтік жобалау» семинары өтеді. Дәл сондай семинар Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының Егіндібұлақ ауылында 12-13 ақпан күндері өтеді.

Семинардың мақсаты қатысушылардың қоғамның әлеуметтік салаларының түрлі бағыттары туралы білімдерін жақсарту мен кеңейту, аудандардың әлеуметтік және қоғамдық өзекті мәселелерді шешуге көмектесетін кіші гранттар мен мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бағдарламасына қатысу үшін әлеуметтік жобаларды жасаудың практикалық білім мен дағдыларға үйрету болып табылады.

Семинарларға ынталы топтардың, қоғамдық ұжымдардың белсенділері мен озаттары, Семей қаласының Абралы мен Жаңасемей аудандарының, Қарағанды облысының Егіндібұлақ ауданының атқарушы билік органдарының мамандары қатысады.

Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму Бағдарламасы үкіметтік емес ұйымдар үшін жаттықтыратын семинарлар топтамасын ұйымдастырып, бұрынғы ядролық полигон аумағында және Семей қаласында жалпы сомасы 130 мың доллар құрайтын басыңқы әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру үшін Кіші Гранттар Бағдарламасын енгізуге жоспарлап жатыр.

Осыған негіз ретінде БҰҰДБ/БҰҰЕБ мен Семей қаласы мен бұрынғы ядролық полигон аумақтарында әлеуметтік-экономикалық ынталарды жүзеге асыруда үкіметтік емес сектордың потенциалын зерттеумен айналысатын ШҚО Сарыптау мен болжау институтымен 2008 жылдың мамыр айында бірігіп жүргізілген зерттеу жұмысы болып табылады. Зерттеу жұмысының нәтижелері үкіметтік емес ұйымдардың басым көпшілігі Семей қаласында орналасатындығын, ал аудандарда негізінен осал тұрақтылық пен ұйымдасу дамытуының жеткіліксіз дәрежесімен белгілі ынталы топтардың әрекет еткендігін көрсетті. Барлық дерлік ынталы топтар тар көлемді бағытты танытып, қысқамерзімді жобаларға бағдарланған.

2008 жылы 120 қатысушы оқытылып, қазір алған білімдерін өз жұмыстарында қолданып жатыр. Бірнеше мысал келтірейік:

Павлодар облысы Лебяжье ауданының тұрғыны Руслан Мусин БҰҰ жобасы семинарларынан кейін «Тұз қала» қоғамдық қорын ұйымдастырып, аймақтың әлеуметтік-экономикалық бағдарламаларын жүзеге асыруна жұмыс істеп жатыр. Ол грант ұтып алып, қазір Павлодар облысының Ямышево ауылында балалар спорт алаңы мен демалыс бағын жайластырумен айналысып жатыр.

Шынар Байдәулетова БҰҰДБ/БҰҰЕБ-ның кіші грантын ұтып алып, Павлодар қаласының Ақсу ауылының түзету кабинетінде сенсорлық бөлімін ұйымдастырды. Сол жерде мүгедек балаларға психологиялық жәрдем көрсетілуде.

«Кенгірбай би» ЖШС ұтып алған кіші грантын Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы Кенгірбай ауылында су құбырын өткізуге жұмсады. Егер бұрын су тек ауыл шетіне ғана қол жетімді болса, қазір әр аулада бағана бар.

БҰҰЕБ-ның халықаралық еркін адамы Айгүл Доғдұрованың айтуы бойынша, ынталы топтар мен үкіметтік емес ұйымдар үшін әлеуметтік жобалау өз қоғамдастық мәселелерін шешудің ғана емес, сонымен қатар оның гүлденуіне бағытталған өз идеяларын жүзеге асырудың негізгі инструменттерінің бірі болып табылады. Ал қоршаған орта, гендерлік аспектілер мен адам құқығы мәселелерін білу аудан мен мемлекеттің дамуына әсер ететін ауқымды мәселелерді ескертуге көмектеседі.

Ақпараттық қосымша

Жоба 2008 жылы бастау алып, Семей қаласының әкімшілігімен серіктестігінде БҰҰ-ның төрт агенттігімен (БҰҰДБ, ЮНИСЕФ, ЮНФПА, БҰҰЕБ) жүзеге асырылып жатыр. Жобаның басты мақсаты осал топтарға ауданның медициналық, экономикалық және әлеуметтік инфрақұрылымын күшейту арқылы полигонның экологиялық, медициналық, психоәлеуметтік және қоғамдық салдарынан арылуға көмек көрсету болып табылады.
 

БҰҰ Даму бағдарламасы (БҰҰДБ) – даму мәселелерімен айналысатын БҰҰ дүниежүзілік торы. БҰҰДБ дамудың ұлттық стратегияларын жетілдіру мен жүзеге асыруға, демократиялық және экономикалық реформалардың алға басуға, институционалды және адамзат потенциалын күшейтуге жәрдемдеседі.

БҰҰ Еріктілер Бағдарламасы (БҰҰЕБ) мемлекеттердің ұлттық приоритеттеріне жетуге көмектесетін БҰҰ агентіктері немесе ерікті адамдарды қатыстыру ұйымдарымен серіктестігінде ерікті адамдарды қатыстырады.

Қосымша ақпарат алу үшін төмендегі адамдарға хабарласыңыз:
Назира Виммер, Жоба үйлестірушісі, тел.: 8 7172 32 64 30, факс: 8 7172 59 14 02, nazira.wimmer@undp.org

Жібраева Жанна Жағфарқызы, Жобаның ұлттық директоры, тел.: 8 7222 52 23 26, факс: 8 7222 52 35 73, Zzhibraeva@akimsemey.gov.kz

Имамбекова Шынар, БҰҰ экономикалық компонентінің менеджері, тел: 8 7222 52 51 32, факс: +7 7222 52 30 05, shynar.imambekova@undp.org

Сұлтанова Әсима, БҰҰ әлеуметік компонентінің менеджері, тел: 8 7222 52 51 32, факс: 8 7222 52 30 05, assima.sultanova@undp.org.

Айгүл Доғдұрова, БҰҰЕБ халықаралық ерікті адамы, тел: 8 7222 52 51 32, факс: 8 7222 52 30 05

 




Home | Contacts | Public Information Policy
Copyright 2008-2012 © UNDP Kazakhstan
Сайтты жасау —
«Веб студия 4Design»