Энергетика және коммуналдық тұрғын үй шаруашылығы салаларына инновацияларды енгізу
2010 жылдың 16 қаңтарында – Астана қаласында энергетика және коммуналдық тұрғын үй шаруашылығы салаларында инновацияларды дамыту және енгізу бойынша бастамалар мен мүмкіндіктерді қарастыратын семинар өткізіледі.
Семинар аясында ең жаңа әзірлемелер және энергия тиімділігі жөніндегі БҰҰДБ/ҒЭҚ жобасы жүзеге асырып жатқан сынамалы жобаларды енгізудің сәтті тәжірибесі көрсетіледі. Сонымен қатар сыбағалы шығындарды қысқарту және табиғи қорларды үнемдеу аспектілерін қоса алып қарастырғанда Қазақстандағы коммуналдық тұрғын үй шаруашылығын реформалау саясаты талқыланады. Семинарға қатысушылар «TOSHIBA» компаниясының қазіргі энергиямен қамту жүйелерін жетілдіру бастамаларымен және Қазақстандағы коммуналдық тұрғын үй шаруашылығын реформалаудың тиімді механизмдерімен жан-жақты танысады.
Семинар жұмысына энергетика және коммуналдық тұрғын үй шаруашылығы мәселелеріне жауапты жетекшілер, облыстық әкімдіктердің энергетика және коммуналдық тұрғын үй шаруашылығы басқармаларының өкілдері, коммуналды және энергияны өндіруші кәсіпорындардың басқарушылары, тағы да басқа мүдделі мекемелер қатысады.
Семинарды ұйымдастырушылар: «TOSHIBA» компаниясы, "Инжиниринг және технологиялалар трансферті орталығы" АҚ, «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың Қазақстандық орталығы» АҚ, Біріккен Ұлттар Ұйымы Даму Бағдарламасының және Ғаламдық Экологиялық Қордың (БҰҰДБ/ҒЭҚ) энергияның тиімділігі жөніндегі жобасы, «Туран-Профи» Халықаралық кәсіби академиясы.
БАҚ өкілдері шараның ашылуына Астана қ., «Rixos» қонақ-үйінің «Шаңырақ» конференц-залына 2010 жылдың 16 ақпанында 10 сағ. 00 мин. шақырылады.














