Жақтардың келісуі – медиатордың негізгі міндеті
![]() |
2010 жылғы 21 мамырда Астанада «Қолданбалы рәсімдер институтын (медиация) енгізудің өзекті мәселелері» атты дөңгелек үстел отырысы болып өтті. Қоғам назарына заң жобасы ұсынылды, оның әзірленуіне беделді ғалым және тәжірибешілер Бычкова Светлана Федоровна, Баймолдина Зәуреш Хамитқызы, Сүлейменов Майдан Күнтуарұлы, Қаудыров Төлеш Ерденұлы, Савченко Светлана Юрьевна, Нұрғалиева Еңлік Нұрғалиқызы және басқалар үлесін қосты. Заң жобасының әзірленуі кезінде ЮНИСЕФ және Қазақстандағы БҰҰ Даму Бағдарламасы сараптамалық қолдау көрсетті. |
Қазақстанда қолданбалы рәсімдер (медиация) туралы заң жобасы бойынша жұмыс жалғасуда. Медиация дауларды шешудің алтернативті жолы ретінде дауласушы жақтардың ұзақ және қымбат сот рәсімдерінен бас тартуына және медиатордың көмегімен дауды бейбіт шешуге мүмкіндік береді. Бүгіндері күн тәртібінде заңдағы медиацияның тәжірибесін дұрыс бейнелеу және оны тарату мәселесі тұр. Азаматтардың медиацияға хабарласу мүмкіндігі туралы ақпараттандыру мәселе болып табылады, оны медиация туралы заң қабылдау ғана шеше алады.
Қолданбалы рәсімдер үдерісінде қатысу шарттарының бірі жақтардың келісімді түрде өз еркін білдіруі болып табылады. Сонымен қатар, жақтар кез келген уақытта медиация жалғастығынан бас тартып, сотқа жүгіне алады. Медиатор алаламайтын, тәуелсіз және жақтардан бейтарап болуы тиіс және дауласушы жақтардың біріне жағымды қарым-қатынас танытуға тиіс емес. Медиацияға қатысу артықшылықтарының тағы біреуі үдерістің құпиялылығы болып табылады.
ТМД елдерінде медиацияны енгізу тәжірибесі, заң жобасы бойынша халықаралық тәжірибе және кепілдемелері баяндамасымен БҰҰ даму бағдарламасының сарапшысы, Украиндық келісім орталығының президенті, тәжірибелі медиатор және медиация бойынша жаттықтырушы Роман Коваль баяндама жасады. Қазақстандағы медиацияның даму болашағын Қазақстан халықаралық арбитражының Төрағасы, ҚазМЗУ жеке құқық ҒЗИ директоры, ҚР ҰҒА академигі М.К. Сүлейменов айтып берді. Дөңгелек үстелге қатысушылар медиаторлар қызметін ұйымдастыру, оқыту, сертификациялау және аккредитациялау мәселесін көтерді. Дөңгелек үстелге қатысушылардың ұсыныстары заң жобасын даярлау кезінде жұмыс тобының назарына алынатын болады.
Шараны ұйымдастырушылар ҚР Жоғарғы Соты, Қазақстан судьялар Одағы, БҰҰ Даму Бағдарламасы. Дөңгелек үстел Жоғарғы сот және Қазақстандағы БҰҰ даму бағдарламасының «Қазақстандағы ақпарат пен сот төрелігінің ашықтығы және қол жетімділігі» біріккен жобасының шеңберінде өткізілді.















