ШҚО экспортқа бағдарланған кәсіпорындарының сауда қатынастарына тиімді қатысуы
![]() |
21 мамыр 2010 жыл, Семей қ. – БҰҰДБ «Кеңейтілген Еуропа: Орталық Азия, Оңтүстік Кавказ және ТМД батыс елдерінің сауда ісіне жәрдемдесу» жобасы аясында «ШҚО экспортқа бағдарланған кәсіпорындарының сауда қатынастарына тиімді қатысуы» тақырыбына дөңгелек үстел болып өтті. Дөңгелек үстелдің отырысын Семей қаласы әкімінің орынбасары Серікқазы Оразалиев және БҰҰДБ ҚР-дағы Тұрақты өкілінің міндетін атқарушы Стлиана Недера ашып берді. Дөңгелек үстелдің жұмыс барысында Семей қаласының бизнесін дамытуға қатысты бірқатар мәселелер – жергілікті бизнесмендердің Қазақстанның барлық аумақтарындағы сауда қатынастарына тиімді қатысуы, қазақстандық мазмұндағы мемлекеттік даму саясатына қатысты отандық тауар өндірушілердің басымдықтары, сондай-ақ өнімдерді үшінші елдердің нарығына ілгерілету тәсілдері талқыланды. |
ШҚО кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының және Қазақстандық кедендік декларанттар одағының өкілдері дөңгелек үстелдің қатысушылары – экспортқа бағдарланған шағын және орта бизнестің, іскер әйелдер қауымдастығы, Семей қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік департаментінің өкілдері, кедендік комитет, сыртқы экономикалық байланыстар бөлімінің қызметкерлері, KAZNEX экспортты дамыту жөніндегі корпорация және «ҚазБизнес-Консалтинг» өкілдері алдында сөз сөйледі. Дөңгелек үстел барысында сауда биржалары мен олардың саудадағы рөліне деген үлкен қызығушылық байқалды. Дөңгелек үстел қатысушыларын сауданы жүргізудің кедендік қыр-сырының практикалық жағы қызықтырды, осы өзекті сұрақтарға «Семей» кедендік бекетінің бастығы Асқар Бекбергенов жауап берді.
«Облыстың сауда әлеуетін дамыту үшін сауда айналымына қатысы бар адамдардың барлығының белсенді түрде жұмылдырылуы қажет. Біз бизнесмендер мен мемлекеттік құрылымдардың өкілдерін сауда жасау барысында туындайтын қиындықтарды талқылау және оларды шешу жолдарын табу үшін шақырудамыз» – дейді жоба менеджері Мира Еспенова.
2009 жылдың қазан айында Қазақстанда БҰҰДБ Братиславадағы Өңірлік бюросының және БҰҰДБ Қазақстандағы «Кеңейтілген Еуропа: Орталық Азия, Оңтүстік Кавказ және ТМД батыс елдерінің сауда ісіне жәрдемдесу» жобасын іске асыру басталған болатын. Жобаның негізгі мақсаты – елдің экономикалық өсуін сауданы ілгерілету мен Шығыс Қазақстан облысының шағын және орта бизнесінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру арқылы нығайту. Жоба шеңберінде жоба бенефициарларына микрокредиттер беру, ауылдық кәсіпкер әйелдердің бизнесін дамытуға жәрдемдесу, сондай-ақ экспортқа бағдарланған экологиялық таза өнімдерді ілгерілету жоспарланып отыр. Жоба көбінесе, Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағдарламаларының мақсаттары және міндеттеріне сәйкес келеді. Мысалға, жоба Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі ұзақ мерзімді даму стратегиясының міндеттерін іске асыруға, атап айтқанда, ашық нарықтық экономикаға негізделген экономикалық өсу міндетіне септігін тигізетін болады. Семей қаласы кәсіпкерлерінің өскелең әлеуеті экономикалық өсудің нақты, тұрақты және дамушы қарқынына қол жеткізуге көмектеседі.















