Шығыс Қазақстанда отын плантациясы отырғызылды
2010 жылдың маусым айының 14-і күні ШҚО Катонқарағай ауданының Акмарал ауылының маңында «Орман күні» деген атаумен тез өсетін теректерды отырғызу акциясы өтті. 1 гектар жерге 5 мыңға жуық терек саптары отырғызылды. Бұл арқылы БҰҰДБ жобасы Катонқарағай ұлттық парктің орман биоценозын калпына келтіру мақсатында орман экосистемасына залал келтірмей плантацияда өсірілген ағаштарды ұзақ мерзімді қолдануға негіз салды. Жасалған плантация жергілікті тұрғындардың отын бойынша мұқтаждықтарын қамтамасыз ету керек.
![]() |
|
Акцияға жүзден астам адам қатысты, олар – «Кедр», «Өр-Алтай», «Жерұйық», «Ұлар» мектеп орманшылықтырының мүшелері, Катонқарағай ұлттық парктің Чернова орманшылығының жұмысшылары, Аққайнар ауылдық округінің әкімшілігі, Аққайнар, Қызыл Жұлдыз, Ақмарал ауылдарының тұрғындары және «Катонқарағай марал паркі» шаруа қожалығының жұмысшылары. Теректер барлық технологиялық тәртіптерге және отырғызу кестесіне сай отырғызылды.
Орманды отын көзі ретінде қолдану ұлттық парктің орман биоәртүрлілігінің азуына әкеліп соқтырды, ауыл аймақтарына жақын орналасқан орман алқаптары сиреп кетті. Құстар мен аңдардың таралу аумағы қысқарды. Аймақтың ауа-райы жағдайының өзгешелігі (суық кезең жылына 7 айдан астам), қол жетімді орман қоры және оны үнемі қолдану мүмкіндігі жергілікті тұрғындардың орманды дәстүрлі тұрақты энергия көзі ретінде қолдану әдетін қалыптастырды.
Жобаның негізгі мақсаты – тез өсетін ағаш плантацияларын өсіру тәжірибесін көрсету арқылы жергілікті тұрғындарды биоәртүрлілікті орнықты қолдану үдерісіне қатыстыру. Мұндай жоба Шығыс Қазақстанда бірінші рет жүзеге асырылып отыр. Катонқарағай ұлттық паркінің орман алқаптарына антропогендік әсерді азайту мақсатында ҒЭҚ/БҰҰДБ/ҚР Үкіметінің «Алтай-Саян экоөңірінің Қазақстан бөлігінің биоәртүрлілігін сақтау және орнықты пайдалану» жобасы (ары қарай – Алтай-Саян жобасы) 2009 жылы Ақмарал ауылы маңында тез өсетін теректердің отын плантациясы жобасын жасады. «Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің орман алқаптарына антропогендік әсерді төмендетудің бірден бір әдісі ретінде тез өсетін ағаштар плантациясын жасау» жобасы Алтай-Саян жобасы және ҒЭҚ Кіші гранттар бағдарламасында қолдау тауып қаржыландырып отыр.
Жобаның құны 80,1 мың доллар. Орындаушы – «Эко-Катон» қоғамдық ұйымы. Плантацияны жасауда негізгі жұмыстар «Катонқарағай марал паркі» шаруалар шаруашылығының күшімен Тихая өзенінің аумағында жүргізілді. Плантацияның барлық аумағы 10 гектар болады.
















