UNDP Global Web Site
Development and Transition
kick out poverty
Ассамблея народов Казахстана
Сіздің ойыңызша, Қазақстандағы БҰҰ Даму Бағдарламасының қай саладағы қызметі өзекті?
Климаттың өзгеруіне қарсы күрес
Қазақстандағы энергожабдықтауды жоғарылату
Каспий биологиялық алуан түрлілгін сақтау
Тұрақты даму
Кедейшілікпен күрес
Әлеуметтік қызмет көрсетуді жақсарту
Гендерлік теңдік
Қазақстанның сулы-батпақты алқаптарын сақтау
Аймақтық даму
Ақпарат көздеріне шығу мүмкіндіктерін жақсарту

БҰҰ-ның жобалары
БҰҰДБ/ҒЭҚ Aлтай-Саян жобасы
БҰҰДБ/ҒЭҚ сулы-батпақты жобасы
БҰҰДБ/ҒЭҚ жел энергетика жобасы
Энергмялык жобасы
Басты бет / Пресс-орталық / Жаңалықтар мен оқиғалар

«Арнайы әлеуметтік қызметтер туралы» ҚР Заңын іске асыру және Мүгедектердің құқықтары туралы БҰҰ Конвенциясын ратификациялауға дайындау өңірлік семинарлар

25.06.2010

 

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен Қазақстандағы БҰҰ даму бағдарламасы (БҰҰДБ) Қостанай және Атырау облыстарының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармаларының қолдауымен 2010 жылғы 28-29 маусымда Қостанай қаласында және 2-3 шілдеде Атырау қаласында «Арнайы әлеуметтік қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру және Мүгедектердің құқықтары туралы БҰҰ Конвенциясын ратификациялауға дайындау мәселелеріне арналған өңірлік семинарлар өткізеді.

Арнаулы әлеуметтік көмек туралы» ҚР Заңын тиіті орнында тиімді іске асыру үшін не істеу қажет, мүгедектердің құқықтарын нақты іске асыру үшін мемлекеттік билік органдарының, мүгедектердің, қоғамдық және бизнес құрылымдары өкілдерінің өзара іс-қимыл жолдарын қалай табуға болады, медициналық-әлеуметтік мекемелер деинституализациялаудың басты қағидаттары қандай және Қазақстан осы үрдіске қаншалықты дайын, Қазақстандағы мүгедектердің құқықтары туралы Конвенцияны ратификациялаудың перспективасы қандай? Мүгедектердің өздерінің осы проблемаға пікірлері қандай? Осы және басқа мәселелер осы семинарда ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі өкілдерінің, сондай-ақ Мүгедектердің құқықтарын іске асыру мәселелері жөніндегі БҰҰДБ халықаралық және ұлттық консультанттарының қатысуымен талқыланатын болады.

Семинарлардың негізгі мақсаты өмір сүрудің ауыр жағдайында тұрған адамдарға, оның ішінде және мүмкіндіктері шектеулі адамдар үшін арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну жүйесін реформалау, сондай-ақ Қазақстандағы мүгедектердің құқықтары туралы БҰҰ Конвенциясын ратификациялау үшін талаптар дайындау бойынша пікірлер алмасу мен тәжірибе зерделеу мәселелерін талқылау болып табылады.

2008 жылғы желтоқсанда Қазақстан мүгедектердің құқықтары туралы Конвенцияға қол қоя отырып, сол арқылы адам құқықтарын және мүгедектерді әлеуметтік қосуды жүзеге асыруға бағытталатын мүгедектік саласында адам құқықтары жүйесін қайта өзгертуге өз ниетінің маңыздылығын растады.
Семинарлардың жұмысына Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармаларының және медициналық әлеуметтік мекемелердің басшылары, сондай-ақ үйде көрсетілетін әлеуметтік көмек бөлімшелерінің меңгерушілері, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысатын болады:
Қостанай қаласында – Қостанай, Ақмола, Қарағанды, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары, Астана қ.;
Атырау қаласында – Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау облыстары.
 

Қазақстандағы мүгедектердің барлық санатының саны бүгінгі күнге 485,4 мың адам, немесе барлық халықтың 3% болып отыр. Республикада қазіргі кезде 17 балалардың және 31 ересектердің психоневрологиялық медициналық-әлеуметтік мекемелері жұмыс істейді, оларда 12 000-нан астам адам тұрады.

Осы іс-шаралар ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен БҰҰДБ-ның «Мүгедектердің құқықтары және арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну жүйесін дамыту туралы» бірлескен жобасы шеңберінде өткізіледі.
 




Home | Contacts | Public Information Policy
Copyright 2008-2012 © UNDP Kazakhstan
Сайтты жасау —
«Веб студия 4Design»