UNDP Global Web Site
Development and Transition
kick out poverty
Ассамблея народов Казахстана
Сіздің ойыңызша, Қазақстандағы БҰҰ Даму Бағдарламасының қай саладағы қызметі өзекті?
Климаттың өзгеруіне қарсы күрес
Қазақстандағы энергожабдықтауды жоғарылату
Каспий биологиялық алуан түрлілгін сақтау
Тұрақты даму
Кедейшілікпен күрес
Әлеуметтік қызмет көрсетуді жақсарту
Гендерлік теңдік
Қазақстанның сулы-батпақты алқаптарын сақтау
Аймақтық даму
Ақпарат көздеріне шығу мүмкіндіктерін жақсарту

БҰҰ-ның жобалары
БҰҰДБ/ҒЭҚ Aлтай-Саян жобасы
БҰҰДБ/ҒЭҚ сулы-батпақты жобасы
БҰҰДБ/ҒЭҚ жел энергетика жобасы
Энергмялык жобасы
Басты бет / Пресс-орталық / Жаңалықтар мен оқиғалар

Астаналық Экономикалық Форум – бірқалыпты дамуға жол

01.07.2010

 

2010 жылдың 1 шiлдесiнен бастап 3-шi Астаналық Экономикалық форумы өз жұмысын бастады. Бұл Қазақстанның басқаласында өтетін жыл сайынғы шара, уақыт өте өз салмағын алып үлгерумен қатар өте тиімді екенін көрсетті. Оның қайталанбас ерекшелігі, форумның диалогында тек саясаткерлер мен кәсіпкерлер ғана емес, сонымен қатар экономика және қаржы саласындағы үздік ғалымдар, Нобел және басқа премияларының лауреаттары қатысады. Сондықтан қабылданған шешiмдер айқын тексерiлген және дәл.

Форумның осы жылғы айқындалған тақырыбы - “Постдағдарыс кезіндегі орнықты экономикалық өсу”. Шындығында, өткен жарты жылдың ішіндегі Қазақстанның ҰЖТ 8%-ке өскені республиканы ары қарай дамыту туралы талқылау жүргізу және жаңа нәтижелерге жетуге кез келгенін көрсетеді. Әлемнiң 50-ден астам елдерiнiң сарапшылары ахуалдың өз көз-қарастарын білдірді.

Форумды Қазақстан Республикасының президентi ашып, Қазақстан экономикасының қазiргi дамуын бағалады:

- Глобалдi дағдарыс біз үшін маңызды сынау болды, бiрақ дәйектi түрде жүзеге асырылған стратегия және экономикалық жаңғырту арқасында, бiз дағдарыстан абыроймен шықтық. Өткен жылғы қорытындылары бойынша Қазақстан рецессияға мүмкiндік бермеді. Бiз қаржы жүйесiн және құрылыс секторын реанимацияладық. Бұдан басқа, әлемде керi процесстер жүріп жатқанына қарамастан, біз әлеуметтiк мiндеттемелерiмізді толық көлемде орындай алдық. Осы жылдың 1 қаңтарынан бастап бiздiң азаматтарымыздың зейнетақысы 30%-ке үлкейді, ал 1 сәуiрден бастап бюджеттiк ұйымдардың барлық қызметкерлерiнің еңбекақысы 25%-ке үлкейді.

Президент Н.Назарбаевтiң көзқарасы бойынша, басты ықылас бес глобалдi сұрақтарды талқылауға берілуі керек, соның маңыздылығы бойынша екінші орында ол экологиялық қауiпсiздiк сұрағын белгiледi.

Президент: “әлем жаңа, экологиялық қауiпсiз технологияларды және оларды тез айырбастауға, сонымен қатар энергия көздерін қайта бастауды кеңiрек қолдануды қажет етеді”, - атап шықты. Осыған орай, Қазақстан БҰҰ-ң жақында өткен саммитінде Еуропа мен Азияның басқосудағы "жасыл көпiр" функциясын атқаратын жаңа экологиялық декларацияны жасау әрекетін ұсынды. Бұл экологиялық қауiпсiздiктi қамтамасыз етуді және “жасыл экономика” құрастыру процестерін жақындастаруды тездетеді.

“Жасыл көпiр” әрекетін БҰҰДП/ҚОҚМ “Қазақстан Республикасының стратегиялық жоспарлаудағы ауа райының өзгеру сұрақтарының жиыны арқылы бірқалыпты дамудың потенциалын үлкейту” жобасының ұлттық сарапшылары мен Қоршаған ортаны қорғау министрлігі, ЭСКАТО Секретариаты, азаматтық және бизнес сектордың өкілдері дайындады.

“Жасыл көпiр” әрекетiнiң түпкi мақсаты - Еуропа, Азия және Тынық мұхиттің арасындағы әрiптестiгiне жәрдемдесу. Бұл дамудың қазіргі дәстүрлі үлгілерінен “жасыл” өсу тұжырымдамаларына өтуге мүмкiндiк туғызады және келесі программалық облыстарды ұсынады:

1. Табиғи қорларды эко - тиiмдi пайдалану және экосистема қызметтерiндегі инвестициялар

2. Азкөміртек дамытуға жәрдемдесу және ауа райының өзгерiсiне бейiмделу

3. Қалалардың бiрқалыпты дамуына жәрдемдесу

4. “Жасыл” кәсiпкерлiк пен “жасыл” технологияларды дамыту

5. Бәрқалыпты өмір салтын жақтау және өмір сапасын көтеру

Қазақстан Еуропа, Азия және Тынық мұхит елдерiнiң әрiптестiгiн қолдау үлесінің ретінде “Жасыл көпiр” кеңсесiн қаржыландыруға, сонымен қатар “Жасыл көпiр” программасының, “Жасыл Даму” ұлттық программасының басымдылықтарына сай, таңдаулы тақырыптардың информация- медиалық қолдауын қамтамасыз етуге өз ниетін көрсетті. Қазіргі кезде Қазақстан Республикасы 1 және 2-шi шеңберiндегі тақырыптық облыстардың екi басты компоненттерiне ықыласын көрсетеді, атап айтқанда:

i) су ресурстарын эко-тиімді пайдалану

ii) азкөміртекті дамыту және ауа райының өзгерiсiне бейiмделу

Әрекеттiң мәтiнi ЭСКАТО сайтындағы Конференцияның ресми құжаттарының ішінде орналастырылады http://www.unescap.org/mced6/documents/ және әрiптестерiмен ақырғы келiсулерiнен кейін Қоршаған ортаны қорғау және Азия-Тынық мұхит елдерін дамыту, 2010 жылдың 27 қыркүйектен 2 қазанға дейін Астана қаласында өтетін, Министрлерінің Алтыншы Конференциясында ұсынылады. (www.mced6.org)

Қосымша мәлімет бойынша БҰҰДП/ҚОҚМ жобасының сарапшы-координаторы Галина Григорьеваға 797309 телефоны бойынша хабарласуға болады.

 

 




Home | Contacts | Public Information Policy
Copyright 2008-2012 © UNDP Kazakhstan
Сайтты жасау —
«Веб студия 4Design»