ШҚО оралмандары өз күшімен мектеп спорт құрылысын қалпына келтіріп, жөндеуде
2010 жылғы 28 маусымда Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы Молодежное кентінде БҰҰДБ/БҰҰЕ «Оралмандардың әлеуметтік-экономикалық интеграциясының дамуы» жобасымен бірлесіп, белсенді оралмандар ұйымдастырған еріктілік акциясы болып өтті. Репатрианттар өз күшімен мектеп спорт құрылысын қалпына келтіріп, жөндеді.
- Бұл акция біздің балаларымызға оқуға, демалысқа және дене шынықтыруға жақсы жағдайлар жасау үшін өткізіліп отыр – дейді БҰҰ-ның Ұлан ауданындағы еріктісі Атан Нұрбақыт. – Бізге ешқандай атақ та, ақша да керек емес. Біз мұны тегін жасап жатырмыз және бұған БҰҰДБ/БҰҰЕ-нің көмектесіп жатқанына қуаныштымыз. Біз балаларымыз үшін жұмыс істеудеміз.
- Оралмандардың қазақстандық қоғамға тез кірігуіне барлығы да мүдделі болуы тиіс – дейді БҰҰДБ/БҰҰЕ жобасының менеджері Думан Жампейісов. – Бұл адамдар мемлекетке пайда әкеле алады және олардың осыны қалайтыны қуантады. Бірігіп еңбек ету жергілікті халық пен оралмандарды біріктіре түсетініне сенімдімін.
Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін этникалық қазақтардың тарихи отанына оралуы саясатын жүргізе бастады. Оралмандар – бұл Қазақстанмен көрші елдерде (Қытай, Монголия, Өзбекстан, Ресей, Қырғызстан, Иран, Ауғанстан, Пәкістан) тұратын, Қазақстанға оралып жатқан этникалық қазақтар. Өткен кезеңдер ішінде Қазақстан Республикасына көшіп келгендердің жалпы саны шамамен 750 мың адам. 2009 жылдан бастап «Нұрлы көш» бағдарламасы, оның мақсаты – оралмандарды, сондай-ақ отанына оралған Қазақстанның бұрынғы азаматтарын ұтымды орналастыру және жайластыруға көмектесу.














