UNDP Global Web Site
Development and Transition
kick out poverty
Ассамблея народов Казахстана
Сіздің ойыңызша, Қазақстандағы БҰҰ Даму Бағдарламасының қай саладағы қызметі өзекті?
Климаттың өзгеруіне қарсы күрес
Қазақстандағы энергожабдықтауды жоғарылату
Каспий биологиялық алуан түрлілгін сақтау
Тұрақты даму
Кедейшілікпен күрес
Әлеуметтік қызмет көрсетуді жақсарту
Гендерлік теңдік
Қазақстанның сулы-батпақты алқаптарын сақтау
Аймақтық даму
Ақпарат көздеріне шығу мүмкіндіктерін жақсарту

БҰҰ-ның жобалары
БҰҰДБ/ҒЭҚ Aлтай-Саян жобасы
БҰҰДБ/ҒЭҚ сулы-батпақты жобасы
БҰҰДБ/ҒЭҚ жел энергетика жобасы
Энергмялык жобасы
Басты бет / Пресс-орталық / Жаңалықтар мен оқиғалар

Ауылда баламалы қызметті дамыту үшін микрокредит беру

05.08.2010


2010 жыл, 5 тамыз Астанада баламалы қызмет түрлерін дамыту үшін шағын несие берудің басжылдық бағдарламасы басталады. Кездесу барысында ҚР АШМ Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті мен Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорының (АШҚҚҚ) арасында Қазақстандағы БҰҰ Даму Бағдарламасының (БҰҰДБ) қатысуымен микрокредит беру туралы тиісті келісімге қол қойыды.

2010-2015 жылдарға арналған «Табиғи орта» шағын кредит беру бағдарламасы ГЭҚ/БҰҰДБ/ҚР Үкіметінің «Әлемдік маңызға ие құнды сулы-сазды аумақтарды қоныс аударатын құстардың мекендейтін орны ретінде кешенді сақтау» жобасы шеңберінде ҚР АШМ Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің, Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорының және БҰҰ Даму Бағдарламасының қатысуымен әзірленді. Бағдарламаның мақсаты – ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға (қорықтар, ұлттық парктер мен табиғи резерваттар) іргелес орналасқан ауыл халқына шаруашылық қызметтің баламалы түрлерін дамыту және жергілікті тұрғындардың тыныс-тіршіліктерін жақсарту үшін, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға (ЕҚТА) жақын маңдағы құнарлы ландшафттардың антропогендік жүктемесін төмендетуге мүмкіндік беретін микрокредиттерді беруге жәрдемдесу болып табылады.

Қазіргі Қазақстандағы 10 қорық, 11 ұлттық парк пен 4 табиғи резерваттар шағын кредитті алушылар мен АШҚҚҚ-ның арасындағы байланыстырушы буын болып табылады. АШҚҚҚ шағын кредит беруші және оларды өзінің ішкі рәсімдеріне сәйкес басқарушы компания ретінде қатысады.
Осы бағдарлама БҰҰДБ арқылы қаржыландырған Қорғалжын мен Алакөл қорықтары және Жайық өзенінің атырабындағы «Ақжайық» резерватына жақын орналасқан ауыл тұрғындарына микрокредит берудің бағдарламасы (2008-2011), сондай-ақ Семей аймағының тұрғындарына микрокредит пен микролизинг беру жөніндегі бағдарламасының негізінде жүзеге асырылады. Аталған 2 бағдарлама «Ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ арқылы іске асырылып, айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізілді.

Іске қосылатын жаңа бағдарламаның жүзеге асыру мерзімі бес жыл. Бағдарламаның халықты қамту аумағы кеңейді, енді оған барлық 25 ерекше қорғалатын аумақтарға (ЕҚТА) іргелес ауылдар қамтылатын болады. Бір микрокредиттің ең жоғары мөлшері 4,4 млн. тенге мөлшерінде, ал бағдарламаның жалпы сомасы 940 мың АҚШ долларына тең. Биоәртүрлілікті сақтауға, сондай-ақ ауыл, орман, балық және аңшылық шаруашылықтарын жүргізудің тұрақты экологиялық қауіпсіз әдістерін енгізуге ерекше екпін жасалған. Өкінішке қарай, бұл сектор әлі де аз қаржыландырылуда.

Шағын несие берудің осы тетігі ҚР Үкіметінің ауыл тұрғандарының микрокредит алуға, кәсіпкерлік аясындағы білімін кеңейтуге, және БҰҰДБ үшін айырықша бағаланатын – ЕҚТА-ға іргелес жергілікті тұрғындардың табиғатты қорғау сауаттылықтарын ашуға қол жеткізудегі бастамасын белгілі бір дәрежеде толықтыра алады.

Қосымша ақпарат алу үшін, БҰҰ Баспасөз хатышылығының үйлестірушісі Шынар Жетпісоваға (Shynar.jetpissova@undp.org) +7 (7172) 592550 телефонына, немесе CСА сақтау жобасының өкілі Нұргүл Алипиноваға +7 (7172) 59-27-12 телефоны арқылы хабарласыңыздар.
 




Home | Contacts | Public Information Policy
Copyright 2008-2012 © UNDP Kazakhstan
Сайтты жасау —
«Веб студия 4Design»