Өскеменде ақпаратқа қол жеткізу туралы заң жобасы талқыланады
2010 жылдың 6 тамызы Өскемен қаласы – БҰҰ Даму бағдарламасының «Қазақстандағы ашықтық және ақпарат пен сот әділдігіне қол жеткізу» жобасы аясында әзірленген және Ұлыбританияның Қазақстандағы Елшілігінің қаржылық қолдауымен Өскемен қаласының облыстық әкімдігінде Қазақстанда жария ақпаратқа қол жеткізу туралы заң жобасы бойынша өңірлік қоғамдық тыңдау өткізіледі.
Ақпарат алуға құқық азаматтардың елді басқаруға тиімді қатысуы мен үкіметтің есеп беруі қолданылатын демократиялық мемлекеттің қалыптасу жолындағы негізгі компонент болып табылады. Ақпарат алуға құқық сан алуан деңгейлерде сыбайлас жемқорлық көріністерін анықтау құралы болатыны туралы көптеген мысалдар бар.
Ақпаратқа қол жеткізу туралы заң маңызды әлеуметтік басымдықтарды қамтамасыз етуге қабілетті. Заң жария ақпарат алу және тарату тәсілдері мен тәртібін белгілейді, ақпаратты пайдаланушылар мен оның иегерлерінің құқықтары мен міндеттерін айқындайды, жария ақпаратты еркін алу мен тарату үшін ақпаратты пайдаланушылардың құқықтарын іске асыруға кепілдік береді.
Өңірлік тыңдаулар сериясы мемлекеттік органдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, аумақтық органдар, мекемелер, ведомствоға қарасты мемлекеттік органдар, жергілікті өзін-өзі басқару ұйымдары, жеке және заңды тұлғалар арасында ақпарат алу мен тарату саласындағы қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған ақпаратқа қол жеткізу бойынша әзірленген заң жобасының өзектілігін кең түрде талқылау мақсатында өткізілетін болады. Сонымен бірге, тыңдаулар Алматы, Қарағанды, Орал қалаларында өткізілмекші. Қатысушылар ақпаратқа қол жеткізу саласындағы заңнаманы енгізу келешегі бойынша пікір алмасады, заң жобасының нормаларын одан әрі жетілдіру және Қазақстан Республикасының Парламентіне енгізу үшін әртүрлі ұстанымдарды талқылайды.
Өскемен қаласындағы өңірлік қоғамдық тыңдауларға Өскемен, Павлодар мен Семей қалаларының мемлекеттік органдары, үкіметтік емес ұйымдарының өкілдері, ғылыми қайраткерлері қатысады.
Заң жобасы азаматтық қоғамның, ақпаратқа қол жеткізу жөніндегі жетекші қазақстандық ұйымдардың: Қазақстанның Медиа альянсы, «Әділ Сөз» ҚҚ, «Интерньюс Казахстан» ҮЕҰ, «Medialife» ҚҚ, «Ақпараттық бастама» ҚҚ, «Десента» ҚҚ, СКФ «ЗУБР», ҚР заңнама институты мен басқа да ұйымдардың сарапшыларының қатысуымен дайындалды.
Өңірлік қоғамдық тыңдауларды жариялау жөніндегі әріптес – IWPR, соғыс және бейбітшілік репортаждары институты болып табылады.
БАҚ өкілдері 2010 жылдың 6 тамызында облыстық әкімдіктің (М.Горький көшесі, 40) № 501 залында өтетін тыңдауға қатысуға шақырылады.
Аккредитация мына телефон бойынша: 8/7232/264707
Қосымша мәселелер бойынша Шынар Жетпісоваға мына телефон: +7/7172/ 592550, (shynar.jetpissova@undp.org), Жасұлан Сарсебаевқа: 8/7232/263641, Әлия Дуғановаға, тел. 592560, (aliya.duganova@undp.org( хабарласуға болады.














