ҚР Сыртқы істер министрлігінде Семипалатинск аймақтарға көмек көрсету нәтижелерін және 2010-2015 жылдарғы даму басымдықтарын талқылау жөнінде «дөңгелек стол» болып ө
![]() |
17 тамыз 2010 ж, АСТАНА - ҚР Сыртқы істер министрлігінде Семипалатинск аймақтарға көмек көрсету нәтижелерін және 2010-2015 жылдарғы даму басымдықтарын талқылау жөнінде «дөңгелек стол» болып өтті. Бұл іс-шара 2010 жылғы 26 тамызда өтетін және БҰҰ Бас Ассамблеясының 29 тамызды Ядролық сынаққа қарсы іс-әрекет күні деп атап өту туралы қарар қабылдауының алғашқы бір жылдығына арналатын Халықаралық конференцияның алдында ұйымдастырылып отыр.
|
Аймаққа көмек көрсету жөніндегі негізгі мәселелерді талқылау барысында Семей ядролық полигонын оңалту жөніндегі ұлттық және халықаралық бағдарламалардың қорытындылары шығарылды. «Дөңгелек столдың» жұмысы» мынадай үш негізгі мәселені қозғады: медициналық-әлеуметтік оңалтуды, экономикалық даму және радиоэкология» деп хабарланады таратылған ақпаратта.
Оны ҚР Сыртқы істер министрлігі мен Қазақстандағы БҰҰ өкілдігімен бірлесе отырып ұйымдастырды. Сондай-ақ мәжіліс жұмысына мемлекеттік және жергілікті өкімет органдарының (ШҚО, Павлодар, Қарағанды облстары), азаматтық қоғам институттарының, халықаралық ұйымдардың өкілдері және дипломатиялық корпустың өкілдері қатысты.
![]() |
![]() |

















