UNDP Global Web Site
Development and Transition
kick out poverty
Ассамблея народов Казахстана
Сіздің ойыңызша, Қазақстандағы БҰҰ Даму Бағдарламасының қай саладағы қызметі өзекті?
Климаттың өзгеруіне қарсы күрес
Қазақстандағы энергожабдықтауды жоғарылату
Каспий биологиялық алуан түрлілгін сақтау
Тұрақты даму
Кедейшілікпен күрес
Әлеуметтік қызмет көрсетуді жақсарту
Гендерлік теңдік
Қазақстанның сулы-батпақты алқаптарын сақтау
Аймақтық даму
Ақпарат көздеріне шығу мүмкіндіктерін жақсарту

БҰҰ-ның жобалары
БҰҰДБ/ҒЭҚ Aлтай-Саян жобасы
БҰҰДБ/ҒЭҚ сулы-батпақты жобасы
БҰҰДБ/ҒЭҚ жел энергетика жобасы
Энергмялык жобасы
Басты бет / Пресс-орталық / Жаңалықтар мен оқиғалар

Астанада ядролық жарылысқа қарсы іс-қимылдың халықаралық күніне және Семей аймағын оңалтуға арналған конференция болып өтті

26.08.2010

2010 жылғы 27 тамызда Астана қ. Ядролық жарылысқа қарсы іс-қимылдың халықаралық күніне және Семей аймағын оңалтуға арналған конференция болып өтті. ҚР СІМ мен БҰҰ бірлесіп ұйымдастырған Конференцияны МемлекеттікХатшы/Сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев ашып Конференцияға қатысушыларға ел Президентінің жолдауын жеткізді.

Ядролық жарылысқа қарсы іс-қимылдың халықаралық күніне және Семей аймағын оңалтуға арналған конференция Астана қ. үстіміздегі жылғы 26 тамыз айында болып өтті. Бұл күн тұңғыш рет 2010 жылғы 26 тамызда аталып отыр. 1999 жылы дәл осы күні Қазақстан Президенті бұрынғы Советтер Одағы соның салдарынан қоршаған орта ойрандалған 500-ге жуық ядролық жарылыстар жасаған Семей полигонын жапты.

Жоғары деңгейдегі халықаралық конференция ҚР Үкіметінің Біріккен Ұлттар Ұйымымен, Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу туралы шарт ұйымының (ЯСЖТШ) және Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің (МАГАТЭ) бірлескен бастамасы бойынша жасалды.
болып табылады.

«Ядролық сынаққа тыйым салудың саяси аспектілері» және «Семей – оңалтудан дамуға» атты екі сессиядан тұратын конференцияға Парламенттің және Үкіметтің, халықаралық ұйымдардың, академиялық ортаның және азаматтың қоғамның өкілдері жиналды.

Конференцияның құрметті қонақтарының арасында: ОДВЗЯИ Дайындық комиссиясының атқарушы хатшысы Т.Тот, МАГАТЭ бас директорының орынбасары В.Буркарт, БҰҰ Превентивтік дипломатия жөніндегі орталығының басшысы М.Енча және т.б. болды.

Конференцияға қатысушыларға ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев, БҰҰ Бас Хатшысы Пан Ги Мун, ЮНЕСКО Бас директоры И. Бокова үндеу арнады.

«Барлық мемлекеттердің бірте-бірте ядросыз әлем мақсатына қарай жылжуы туралы жігерлілігі белгіленген Жалпыға бірдей ядросыз әлем декларациясын бүгіннен бастап пысықтауды бастау маңызды», – делінген Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Халықаралық Конференция қатысушыларына Үндеуінде. Президенттің құттықтауын ОБСЕ қазіргі төрағасы, мемлекеттік хатшы - сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев жеткізді.

Қазақстанның мемлекеттік органын сыртқы істер, индустрия және жаңа технологиялар, экономикалық даму және сауда, қоршаған ортаны қорғау министрліктерінің басшылары, Шығыс-Қазақстан облысының әкімдігі білдірді. Конференцияға қатысушылар Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу туралы шартты тезірек күшіне енгізуге шақырды. Конференция, сондай-ақ Семей аймағын дамыту перспективасының әлеуметтік-экономикалық және экологиялық проблемаларын қарады. «Біз Семей аймағын қалпына келтіруді деген ұғымды ұзақмерзімдік даму деп өзгертуіміз керек; бұл біздің келер жылдары басшылыққа латын жаңаша көзқарасымыз болуы тиіс. Осы мақсатқа қол жеткізу үшін Үкімет, БҰҰ және даму жөніндегі барлық серіктестіктер арасында тығыз ынтымақтастық орнатуға тиіспіз» деді БҰҰ Бас Хатшылығының ассисенті, БҰҰДБ Еуропа және ТМД аймақтық Директоры Кори Удовички.

Конференцияның қорытындысы бойынша қатысушылар дүние жүзі қоғамдастығына Семей аймағын дамыу жөнінде үндеу, сондай-ақ жаңа бірлескен жоспар мен 2010-2015 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын қабылдады.

 

 

 




Home | Contacts | Public Information Policy
Copyright 2008-2012 © UNDP Kazakhstan
Сайтты жасау —
«Веб студия 4Design»