Қызмет салалары
Халықтың барлық жіктерінің мүдделеріне сай даму
Даму инклюзивті бола алады – халықтың барлық топтары мүмкіндіктер тудыруға өз үлестерін қосқан жағдайда, дамудың қамтамассыз ететін артықшылықтарымен бөліскен және шешімдер қабылдауда қатысқан жағдайда ғана кедейшіліктің азаюына әкелуі мүмкін. Қазақстандағы Елдік кеңсе ұлттық серіктерге инклюзивті дамуға бағытталған стратегиялар мен бағдарламаларды дайындап жүзеге асруға асыруға көмек көрсетеді.
Демократиялық басқару
Алдыңғы қатарлы әлемдік тәжірибеге сүйене отырып, Елдік кеңсе Қазақстанның демократиялық консолидациясына институционалдық және әдістемелік реформалар жасауда ат салыса отырып көмек көрсетеді, сонымен қатар басты мүдделі жақтардың әрекеттерін біріктіріп, олардың қарым-қатынасына түрткі бола отырып консенсусқа жетуіне ас салысады. БҰҰДБ басты және жергілікті сайлау комиссияларын институционалды нығайту, сонымен қатар ұлттық және жергілікті өкілетті органдардың потенциалын нығайту салаларында жұмыс атқарады.БҰҰДБ қазақстандықтардың азаматтық сана-сезімін арттыруға ұмтылады және мемлекет пен азаматтық қоғам ұйымдарының арасындағы интерактивті қызметтестіктің күшеюін қолдайды.
Қоршаған орта және энергетика
БҰҰДБ ғаламдық маңызды биологиялық алуан түрлілікті сақтау, ғаламдық жылудың және озон қабатының жұқаруының алдын алуға арналған шараларды жүргізудегі Үкіметтің іс-әректтерін қолдайды. Сулы-сазды жерлерді, жайылымдарды, далалық экологиялық жүйелер мен таулы агробиоалуантүрліліктің генетикалық қорын сақтаудағы тиімді басқаруды қолдайды. Басқа маңызды шаралар жылыту мен ыстық сумен қамтамассыз етудің энергетикалық тиімділігін жоғарлату, сонымен қатар қалпына келетін энергия көздерін енгізумен байланысты.














