Қоршаған орта және энергетика
БҰҰДБ ғаламдық маңызды биологиялық алуан түрлілікті сақтау, ғаламдық жылудың және озон қабатының жұқаруының алдын алуға арналған шараларды жүргізудегі Үкіметтің іс-әректтерін қолдайды. Сулы-сазды жерлерді, жайылымдарды, далалық экологиялық жүйелер мен таулы агробиоалуантүрліліктің генетикалық қорын сақтаудағы тиімді басқаруды қолдайды. Басқа маңызды шаралар жылыту мен ыстық сумен қамтамассыз етудің энергетикалық тиімділігін жоғарлату, сонымен қатар қалпына келетін энергия көздерін енгізумен байланысты.
Жүзеге асырылып жатқан жобалар:
- Іле Алатуы мен Жоңғар Алатауының жабайы жемісті тоғайлары ғаламдық маңызға ие 100 ден астам жемісті және дәнді дақылдар өсетін жер. «Қазақстандағы таулы агроалуантүрлілік in-situ сақтау» жобасы айырықша қорғалатын тұқымдық учаскелерді қолдайды, Іле-Алатау ұлттық паркін және Алматы мемлекеттік қорығын басқаруды жақсартуға көмек береді. Жобаның қолдауымен Жоңғар-Алатау мемлекеттік ұлттық паркі құрылды. Жоба, сондай-ақ келушілер үшін және экологиялық туризмді дамыту үшін орталықтар құруды қоса алғанда, қоршаған ортаға жағымсыз әсер келтірмейтін қызмет түрлерін енгізе отырып айырықша қорғалатын аймақтарда тұратын жергілікті қоғамдастықтармен жұмыс істейді.
- Қазақстанның сулы-сазды жерлері (өзен, көл, шалшық және т.б.) көшпелі құстар өмір сүретін және өсімдіктердің сирек түрлері өсетін маңызды жер болып табылады. «Басымдылық маңызы бар сулы-сазды жерлерді көшпелі құстар мекені ретінде кешенді сақтау: үш жобалық аймақта көрсету» жобасы Орал, Алакөл-Сасықкөл, Теңіз-Қорғалжың өзендері аңғарының жүйесінде биологиялық алуантүрлілікті сақтауға көмектеседі. Биологиялық алуантүрлілікті тұрақты пайдалануды көрсету үшін жоба Орал өзенінің аңғарында «Ақжайық» мемлекеттік табиғат резерватын жасау және қалыптастыруға мен Алакөл және Қорғалжың қорықтарын кеңейтуге қолдау көрсетті. Жоба қорық аймағындағы қызметкерлерді оқытады, қорғалатын аймақтарда Визит-Орталықтар мен экологиялық маршруттар жасау арқылы экологиялық туризмді дамытуға жәрдемдеседі. Жобаның маңызды нәтижесінің бірі Қазақстанның биоалуантүрлілігін сақтау қорын құру мен жұмыс істету болып табылады.
- БҰҰДБ /ГЭҚ/ЮНОПС «Каспий теңізі қорының басты мақсаты: Балық ресурстарын қалпына келтіру және «КаспЭко» басқармасының тұрақты аймақтық экологиялық жүйесін шоғырландыру Каспий стратегиялық жоспарында белгіленген келісілген іс-қимылдарды орындау арқылы жағалауға жақын орналасқан мемлекеттердің Каспий теңізінің биологиялық ресурсына жүктемесін азайту және балық запастарын қалпына келтіру болып табылады.
- Шығыс Қазақстанның таулы өңірлері мен орман алқаптары Алтай-Саян экологиялық аймағының ғаламдық маңыздылығының бір бөлігі болып табылады. Осы аймақта сирек кездесетін хайуынаттардың едәуір бөлігі өмір сүреді және өсімдіктердің эндемикалық түрлері өседі. «Алтай-Саян экоаймағының Қазақстан бөлігінің биоалуантүрлілігін сақтау және тұрақты пайдалану» жобасы қорғалатын учаскелердің аймақтарын кеңейтуге, менеджментін жақсартуға және аймақтың бірегей биоалуантүрлілігінен хабардар етуге жұмыс істейді. Жоба тұрғын халықпен оларды биоалуантүрлілікті, соның ішінде іс-қимылдың баламалы түрлерін дамыту арқылы сақтауға қызмет етеді.
- Қазақстанның жайылым жерлері елдің 70% дерлік аумағын алып жатыр, бірақ оның 26% астамы азып кеткен жерлер. «Ауыл тұрғындарының әл-ауқатын жақсарту және экологиялық тұтастықты сақтау үшін жайылым ресурстарын тұрақты басқару» жобасының негізгі мақсаты – табиғи жайылымдардың экологиялық тұтастығын сақтауға ықпал ететін жайылымдарды басқарудың алдыңғы қатарлы тәжірибесін көрсету және Жамбыл ауданының 4 селолық округі аумағындағы тұрғындардың жағдайын жақсартуға ықпал етеді. Сондай-ақ жоба, жайылым проблемаларын заңнамалық тұрғыда кешенді шешу үшін қолайлы орта жасауға жұмыс жасайды, жергілікті өкімет органдарын, ауылдық ұйымдар мен фермерлерді жайылым ресурстарын тұрақты басқаруға оқытады. Жұмылдырылған мал шаруашылығын, сондай-ақ бағалау мен бейімді басқаруда жергілікті инфрақұрылымды жақсарту шаралары қабылданады.
- Қазақстан, әлемдегі ең үлкен елдердің бірі бола отырып (2,7 млн. км2), Жер бетінде сақталған табиғи понтий даласының маңызды бөлігіне ие, 1,2 млн км2. астамды алып жатыр. Қазақстанның понтий далалық экожүйесі өсімдіктердің бірегей түрлері мен топтарын қамтиды, бірақ дала фаунасының көптеген ғалами қауіпті түрлері Қазақстандағы экожүйенің ең аз қорғалған түрі болып табылады. «Дала экожүйесін сақтау және тұрақты басқару» жобасының мақсаты Қазақстан даласының, Қазақстан даласындағы экожүйені айырықша қорғалатын табиғи аумақтар жүйесіне (АҚТА) қосу арқылы ғаламдық маңызды биоалуантүрлілігін сақтаудан тұрады. Жоба Ырғыз, Торғай және Жыланшық алаптарындағы ландшафтар деңгейінде ұтымды пайдалану тетіктерін әзірлеу және іске асыруға жұмыс істеп жатыр. Жүйелік, институционалдық және даралық деңгейлердегі потенциалды нығайту мақсатында қазіргі бар және жаңадан құрылған АҚТА басқарушыларын оқыту жүргізіледі.
- БҰҰДБ, АБР, ГТЦ, ГМ, ИКАРДА және ФАО стратегиялық серіктестік шеңберінде ГЭҚ қаржылық қолдауы кезінде Орталық Азияның бес еліндегі жер ресурстарының азып кетуімен күресте бірлескен тәсілдер мен стратегияларды әзірлеу және іске асыру үшін ұлттық және халықаралық деңгейлерде потенциялды ұлғайту бойынша көп елдік жоба іске асырылады.
- Географиялық және метеорологиялық тұрғыдан Қазақстан жел энергиясын кең ауқымда дамыту үшін әлемдегі ең жақсы елдердің бірі болып табылады. «Қазақстан – жел энергетикасын дамыту бастамасы» атты БҰҰДБ/ГЭҚ жобасы ҚР Үкіметіне Жел энергиясын дамытудың ұлттық бағдарламасын тұжырымдауда және жел энергетикасы жөніндегі жобаларды әзірлеу мен қаржыландыру жөніндегі мүмкіндіктерін дамытуда көмек береді. Қазақстанның жел потенциалының атласы, жел жылдамдығын өлшеу бағдарламасы, әлемдік тәжірибені талдау - жоба жұмыстарының нәтижесі. Ол инвестиция тарту мақсатында мемлекеттік басқару органдары мен жеке секторлар арасында белсенді таратылады.
- Коммуналдық жылумен жабдықтаудың энергиялық тиімділігін арттыру, энергиялық тиімді жобаларды инвестициялау үшін жаңа қаржылық үлгілер енгізу және жергілікті мүдделі тараптардың потенциалын көтеру «Коммуналдық жылумен жабдықтаудың энергиялық тиімділігін арттыру үшін кедергілерді жою» жобасының негізгі бағыттары болып табылады. Жобамен энергияны үнемдеу туралы заң жобасына ұсыныс енгізілді және ТКШ заңына түзетулер енгізілді. Алматы, Астана және Қарағанды қалаларында жоба ПМК-ны оқыту тренингтеріне және үйлерді үлгілендіру жөніндегі бағдарламаға тартады. Қарағанды қаласында Қазақстандағы алғашқы жеке энергия сервисі (ЖЭСК) компаниясы құрылды.
- «Энерготиімді жобалау және Қазақстанның тұрғын үймереттер секторындағы құрылыс» пилоттық жобасы Қазақстанның бірнеше қалаларында тұрғын үймереттерді біріктірілген жобалауды қолдануды көрсетеді. Жобаның мақсаты – энерготиімділік бойынша міндетті құрылыс нормаларын, құрылыс материалдарының стандарттарын және маркировкаларын сақтауды жақсарту. Жоба энерготиімді материалдардың отандық өндірістік қорын дамытуды қолдайды және тұтастай алғанда үймереттерді жобалауға біріктірілген тәсіл үшін потенциал жасайды.
- Тұрақты даму саясатын жылжытуға бағытталған көпжылдық жұмыстың жалғасы БҰҰДБ мен ҚҰ Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің «Ғаламдық және аймақтық саясатты ескере отырып тұрақты дамудың стратегиялық жоспарлау жүйесіне біріктірілуін күшейту арқылы Қазақстанның тұрақты дамуға көшуін жылжыту» жобасы болып табылады. 1995 жылы Қазақстан БҰҰ-ның Климаттың өзгеруі туралы Негіздемелік Конвенциясын (БҰҰ КӨНК) ратификациялады. 2009 жылы Қазақстан Негіздемелік Конвенцияға Киот Хаттамасының (КХ) ресми тарабы болды. Жоба төмен көміртек даму саясатын енгізу процесін және КӨНК бойынша міндеттемесін орындаумен байланысты халықаралық процестерге қатысуын қолдайды, сондай-ақ климаттың өзгеруіне бейімделу саясатын жасауға ықпал ететін болады.
- Бүгінде Қазақстан халқының денсаулық қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі бірден бір көкейкесті мәселе құрамында тұрақты органикалық ластаушылар (ТОЛ) бар пайдаланылмайтын немесе көмілген жабдықтарды қайта іске жарату болып табылады. Қазіргі сәтте Қазақстанда полихлордифинилді (ПХД) ұстау, сақтау және қайта іске асырудың нормативтік база жеткілікті дамымаған. «Қазақстанда ПХД басқарудың кешенді жоспарын әзірлеу» жобасының шеңберінде заңнамалық және әкімшілік шектер күшейтілетін болады, ПХД басқару саласында потенциал көтерілді және ПХД қосымша көздері белгіленді. Сондай-ақ 850 тонна ПХД-трансформаторларды айырбастау және қайта іске жарату, ПХД-конденсаторларды аймақтық сақтау мен қайта іске жарату бойынша іс-шаралар жүргізілді.
- Таяуда өткен кезеңде Орта Азия елдері ТМД үшін уран мен сирек металдарды өндірудің маңызды көздері болды. Содан бері 800 млн. тоннадан астам тау-кен өндірісінің қалдықтары мен радиоактивті кендер, оның 54% радиоактивті, Қазақстанның, Қырғызстанның, Өзбекстанның және Тәжікстанның қолданыстағы және қараусыз қалған уран рудниктерінің қоқыстарын тастайтын жерлерде жатыр. БҰҰДБ «Орта Азияда радиоактивті қалдықтарды тұрақты басқару үшін жобалар әзірлеу мен ресурстарды жұмылдыруды үйлестіруді күшейту» аймақтық жобасы радиоактивті қалдықтарының әсерін жұмсарту жөніндегі басымдықты шараларды әзірлеуде Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстан үкіметтерін қолдайды.
- Қазақстан халқының ауылды жерлердегі тұрғындарының көп саны грунт суларын пайдаланатынын ескере отырып, грунтты су көздерін қорғау үшін қалдықтарды қайта өңдеудің маңыздылығы көрініп тұр. БҰҰДБ мен Coca-Cola Компаниясы және Түрік Үкіметтік емес CEVKO ассоциациясының «Қазақстандағы орама қалдықтарды қайта іске жарату және қайта өңдеу жүйесін бейімдеу» бірлескен жобасының мақсаты Қазақстанда қалдықтарды басқару аясындағы заңнамаларды нығайту мен қалдықтарды бөлу және қайта өңдеу тәжірибесін дамыту арқылы қалдықтарды қайта өңдеудің тұрақты жобасын дамыту болып табылады.
- Климат өзгеруінің әсерін зерттеу, мұздардың еруінен Орта Азия су ресурстарын қысқартуды болжамдайды. Бұл елдің маңызды қауқарсыздығын көрсетеді. БҰҰДБ/БҰҰ ЕЭК «Шу және Талас өзендерінің трансшекаралық алабындағы климаттың өзгеруіне бейімделу үшін ынтымақтастықты жылжыту» бағдарламасының шеңберінде өзендердің басқа алаптарына қолдану үшін пилоттық жоба ретінде бірқатар бейімделу стартегиялары әзірленетін болады. Шу-Талас алабындағы іс-қимылды үйлестіру, сондай-ақ жалғасқан және болашақтағы әсерлерге бейімделу жөніндегі Шу-Талас бойынша комиссиялар арқылы жоба Қазақстан мен Қырғызстанның потенциалын күшейтуге көмектеседі.
- БҰҰДБ Орталық Азия елдерінің арасында трансшекаралық су ресурстарын басқару аясында диалог пен ынтымақтастықтың дамуына қолдау көрсетеді. 2009 жылдан бастап Қазақстанда, Қырғызстанда және Тәжікстанда, су ресурстарын біріктірілген басқару әдістемесі арқылы әр бір елде тиімді ведомстволардың потенциалын нығайтатын аймақтық жоба жұмыс іске асырылады. Жобаның Қазақстан компонентінің мақсаты Іле-Балқаш өзендеріндегі трансшекаралық диалогты қолдау болып табылады.
- Табиғат апатының трансшекаралық сипаты бар, осымен байланысты аймақтық ынтымақтастық төтенше жағдайларға дайындалу мен ден қоюда аймақтық ынтымақтастық маңызды рол ойнайды. Еуропалық Комиссияның (DIPECHO) Гуманитарлық көмек бөлімінің қолдауымен «Орта Азияда табиғат апаттарының тәуекелдерді төмендету потенциалын күшейту» жобасы төтенше жағдайларға дайындық пен тәуекелдерді төмендету бойынша Орталық Азия Орталығын құру арқылы апаттарды азайту жөніндегі тетіктерді жасайды. Жоба ведомствоаралық үйлестіруді нығайту, алдын ала сақтандыру, дайындау және ден қою арқылы бірлескен күш-жігерді біріктіреді.














