UNDP Global Web Site
Development and Transition
kick out poverty
Ассамблея народов Казахстана
Сіздің ойыңызша, Қазақстандағы БҰҰ Даму Бағдарламасының қай саладағы қызметі өзекті?
Климаттың өзгеруіне қарсы күрес
Қазақстандағы энергожабдықтауды жоғарылату
Каспий биологиялық алуан түрлілгін сақтау
Тұрақты даму
Кедейшілікпен күрес
Әлеуметтік қызмет көрсетуді жақсарту
Гендерлік теңдік
Қазақстанның сулы-батпақты алқаптарын сақтау
Аймақтық даму
Ақпарат көздеріне шығу мүмкіндіктерін жақсарту

БҰҰ-ның жобалары
БҰҰДБ/ҒЭҚ Aлтай-Саян жобасы
БҰҰДБ/ҒЭҚ сулы-батпақты жобасы
БҰҰДБ/ҒЭҚ жел энергетика жобасы
Энергмялык жобасы
Басты бет / Қызмет салалары

Демократиялық басқару

Алдыңғы қатарлы әлемдік тәжірибеге сүйене отырып, Елдік кеңсе Қазақстанның демократиялық консолидациясына институционалдық және әдістемелік реформалар жасауда ат салыса отырып көмек көрсетеді, сонымен қатар басты мүдделі жақтардың әрекеттерін біріктіріп, олардың қарым-қатынасына түрткі бола отырып консенсусқа жетуіне ас салысады. БҰҰДБ басты және жергілікті сайлау комиссияларын институционалды нығайту, сонымен қатар ұлттық және жергілікті өкілетті органдардың потенциалын нығайту салаларында жұмыс атқарады. БҰҰДБ қазақстандықтардың азаматтық сана-сезімін арттыруға ұмтылады және мемлекет пен азаматтық қоғам ұйымдарының арасындағы интерактивті қызметтестіктің күшеюін қолдайды. БҰҰДБ мемлекетке есеп беруді жоғарлату, адам ресурстарын басқаруды нығайту және көрсетілетін мемлекеттік қызмет түрлерінің сапасын жоғарлату арқылы мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыруға ат салысады. Үкімет пен азаматтық қоғамның ұйымдарының белсенді серігі бола отырып, БҰҰДБ өз құқықтарының толық жүзеге асыруы үшін азаматтардың мүмкіншіліктерін арттыру, ақпарат көздеріне шығу құқығы мен әділетті сот төрелігімен қамтамассыз ететін сот институттары мен адам құқықтарын күшейту, гендерлік теңдік және жанұялық құндылықтар мен адамның басқа да негізгі құқықтарын дамыту арқылы көмектеседі.

ҚЫЗМЕТ САЛАЛАРЫ

БҰҰДБ Қазақстандағы демократиялық басқаруды дамыту мақсатында мемлекеттік басқару, сайлау, Парламент жұмысы, адам құқықтарын қорғау, құқықтық және сот реформаларын нығайту, саяси шешімдер қабылдау кезіндегі азаматтық қоғамның қатысуын күшейту арқылы өз қызметін жүргізеді.

1. Демокатиялық институттардың есеп беруін күшейту және олардың азаматтардың талаптарына сәйкестілігін қамтамассыз ету. БҰҰДБ ұлттық Парламент пен жергілікті өкілетті органдардың (маслихаттардың) заңдық потенциалы мен қадағалануын, сонымен қатар Парламенттің жұмыс реті мен іс-әрекеттерінің жемістілігі мен тиімділігін арттыруын күшейтуді қолдайды. Мемлекеттік басқаруыд реформалау саласында Біз мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарын жасау, адам ресурстарын басқару және мемлекеттік қызметкерлердің лауазымдарын функционалдық талдауда көмек көрсетеміз. БҰҰДБ іске асырап жатқан аумақтық жобаларының арқасында есірткі айналымын қадағалаудың тиімділігін арттыру және шекараларды басқару саласында барлық ортаазиялық республикаларұлттық серіктерінің потенциалын нығайту мақсатында ведомствоаралық ынтымақтастыққа ықпал етеді.

2. Адам құқықтарын қорғау және құқықтық, соттық реформаларды күшейту, негізгі назар адам құқықтарын тиімді қорғау мақсаттарында құқық қорғау ұйымдарының потенциалын жоғарлату; сыбайлас жемқорлықпен күрес және әділ сот шешімімен қамтамассыз ету; ақпарат пен заңдарға шығу мүмкіндіктерін нығайту; әйелдердің саяси өмірге араласуы мүмкіншіліктерін кеңейту және тең құқылығын қамтамассыз етуге кеңінен бөлінеді.

3. Саяси шешім қабылдауда адамдардың қатысу мүмкіндіктерін кеңейту. Біз азаматтық қоғам ұйымдарының (үкіметтік емес ұйымдар, саяси партиялар, ғылыми ұйымдар мен бұқаралық ақпарат құралдары) потенциалын жан-жақты саясатта және шешім қабылдауда белсенді қатысуын қамтамассыз ету, сонымен қатар Қазақстан Республикасының азаматтары алдындағы биліктің тармағының есеп беруін күшейту; қарым-қатынас пен келіссөз жүргізудің саяси мәдениетін қалыптастыру, халықтың электоралды мәдениетін дамытуға ат салысу арқылы потенциалын дамытуды қолдаймыз. 
 

Жүзеге асырылып жатқан жобалар:

  1. Мемлекеттік институттардың айқындығы мен есептілігіне жәрдем беру мақсатында 2009 жылы Жоғарғы сотпен ынтымақтастықта «Қазақстанда айқындық және ақпарат пен сот төрелігіне қол жеткізу» жобасы іске қосылды. Жобаның мақсаты – Қазақстанда сот төрелігіне, әсіресе Қазақстан халқының әлеуметтік осал топтарының (кәмелетке толмағандар, мүмкіндігі шектеулі адамдар және т.б.) қол жеткізуді кеңейту. Жоба, сондай-ақ үш деңгейлі соттардың институционалдық және кадрлық потенциалын көтеруге, инновациялық технологияны пайдалана отырып жан-жақты ақпараттық бағдарлама, коммуникациялық стратегия мен оқытуды әзірлеуге жұмыс істейді. Жоба жұмысының басқа басымдылықты бағыты Қазақстанда ақпаратқа қол жеткізу мәселесі бойынша заң жобасын әзірлеуге жәрдемдесу және жаңа заңнаманы одан әрі пилоттау болып табылады. Жобаның қызметі ақпарат алу аясында азаматтардың хабардарлығын көтеруге және сот төрелігіне қол жеткізуге, сондай-ақ мемлекеттік органдардың ақпарат тарату потенциалын нығайтуға және ақпараттар мен жаңа технологияға қоғамдық қол жеткізу пункттерін пайдалануға бағытталған.
  2. БҰҰДБ ҚР Президенті жанындағы Әйелдер ісі және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияға Қазақстандағы гендерлік теңдік стратегиясын іске асыруда отбасы институтын нығайтуға, әйелдердің экономикалық және саяси құқықтарын көтермелеуге, гендерлік саясатты жылжытуға бағытталған іс-шаралар арқылы қолдау көрсетеді. Жұмыстың нәтижесі мынадай екі заң: Әйелдер мен ерлердің тең құқықтары және тең мүмкіндіктеріне мемлекеттік кепілдік туралы және «Тұрмыстық зорлық зомбылықтың профилактикасы туралы» заң қабылдануында болып табылады. Сондай-ақ жоба шеңберінде Ұлттық комиссияның www.ncgp.kz веб-порталы әзірленді. 
  3. БҰҰДБ мен Ұлыбритания Елшілігі бірлескен «Орталық сайлау комиссиясына техникалық қолдау» халықаралық стандарттарға сәйкес сайлауға және саяси партияларға қатысты заңнамалық негізді үйлестіруге, сондай-ақ халықтың сайлау құқықтары туралы хабардарлығын көтеру мен тұрғындардың сайлау процестеріне қатысуының маңыздылығына бағытталған. Ұлыбритания Елшілігі ОСК МЕҰ және жастар сияқты тұрғындардың жекелеген топтарымен жұмыс істеуге мүмкіндік бере отырып қаржылық көмек көрсетеді.
  4. Тәуелсіздік алғаннан кейін Орталық Азияның бес бұрынғы Советтік республикалары жаңа шекараны қорғау қажеттілігіне, атап айтқанда Қытайдан, Ауғанстаннан және Ираннан тап болды. БҰҰДБ мен Орта Азия елдеріндегі шекараны басқаруға көмек көрсету жөніндегі Еуропалық Комиссия (БОМКА) сауда маршруттары және транзиттік коридорларда мен ЦА инфрақұрылымдық потенциал нығайтылады. Бағдарлама әуежайлардағы шекараларды басқаруды, төрт пилоттық аймақта үлгілік шекаралық басқаруды, сондай-ақ шекара қызметкерлері үшін тренингтерді құқықтық және ұйымдастырушылық негіздерді қамтиды. 
     

Күн тақырыбы:

Ақпаратқа қол жеткізу құқығын мойындау – демократиялық мемлекет құру жолында маңызды қадам жасау

«Ақпарат пен идеялардың еркін ағымы демократия түсінігінің өз негізінде жатыр және адам құқығын тиімді сақтаудың абсолюттік алғы шарты болып табылады. Ақпарат пен идеяларды іздеу, алу және тарату құқығын қамтитын еркін пікір білдіру құқығына құрмет жоқ жерде, дауыс беру құқығын іс жүзінде жүзеге асыруға, адам құқығының бұзылуы туралы ашық айту мен сыбайласқан және тиімсіз үкіметті әшкерелеуге мүмкіндік болмайды. Ақпарат пен идеялардың еркін ағымын іске асыру кепілдігі үшін негізгі мәні мемлекеттік органдар ақпаратқа өздері үшін емес, алдыңғы кезекте халық үшін және оның атынан ие болады деген принципті мойындау», - Абдул Вахид Хан, Юнеско Бас директорының Коммуникация және Ақпарат жөніндегі орынбасары.

Егер тарихқа көз жүгіртер болсақ, онда ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз ету маңыздылығы 200 жылдан астам жыл бұрын Швецияда мойындалған болатын. Бүгінгі таңда білу құқығының маңыздылығы немесе ақпарат алу құқығы ғалымдардың, үкіметтік қызметшілердің және БАҚ өкілдерінің тұрақты талқылайтын тақырыбына айналды. Бірақ не бәрі он жыл ғана бұрын әлемдік тәжірибе бір де бір үкіметаралық ұйым ақпаратқа құқықты мойындамағанын көрсетті. Тек бертінгі жылдар кезеңінде ғана үкіметаралық ұйымдар, даму банктері және басқа халықаралық ұйымдар білу мәнін мойындап ақпаратты ашу саясатын қабылдады.

Бүгінде 70-тен астам ел ақпаратқа құқық туралы заңды қабылдады, олардың қатарында Америка Құрама Штаттары, Ұлыбритания, Швеция, Япония және басқалар бар. Бүкіл дүние жүзі бойынша ақпаратқа құқықты мойындауды бірінші кезекте тек адам құқығы мүддесінде ғана іс-әрекет жасайтын бірқатар халықаралық ұйымдар таныды. Бұл Америка, Еуропа және Африканың адам құқығы аймақтық жүйелері – БҰҰ-ның түрлі агенттіктері мен ұйымдары, аймақтық құқық қорғау ұйымдары және Ұлттар Достастығы, Еуропа Одағы, Америка мемлекетінің ұйымдары мен Африка Одағы сияқты адам құқығын қорғау мандатына ие бірқатар басқа халықаралық ұйымдар.
 

1994 жылы Америкааралық Ассоциация ұйымдастырған Пікір білдіру еркіндігі жөніндегі батыс жарты шарының конференциясында Чапультепек декларациясы қабылданды, ол ақпарат бостандығын мемлекет ие болып отырған ақпаратқа қол жеткізуді өзіне қамтитын негізгі құқық ретінде таниды. Еуропа Одағы пікір білдіру еркіндігі мен ақпаратқа қол жеткізуге кепілдік беретін Адам құқығын қорғау және негізгі еркіндік жөніндегі Еуропа конвенциясын құрды. Африка Одағы өз кезегінде 2002 жылы мемлекет органдары ие болып отырған ақпаратқа қол жеткізу құқығын анық растайтын Пікір білдіру еркіндігінің принциптері туралы декларация қабылдады. БҰҰ 1946 жылы Бас Ассамблеяның бірінші сессиясында тиісті қарар қабылдай отырып ақпарат еркіндігін аданың негізгі құқығы деп мойындады.

Адам үшін ақпаратқа құқық демократиялық мемлекетте негізгі құқық болып табылады. Осы құқық сондай-ақ сыбайластық пен үкіметтің заңсыз әрекеттерімен күресте басты құрал болып табылады. Ақпаратқа қол жеткізу туралы заң, мемлекеттік органдар ақпаратқа өздері үшін емес, қоғамның мүддесі үшін ие болатынын ерекше атай отырып, осы мемлекет халыққа қызмет ететін мемлекеттіліктің негізгі идеясын көрсетеді.

Шешім қабылдау процестеріне тиімді азаматтық қатысу барлық деңгейде ақпаратқа қол жеткізудің болуына тікелей тәуелді. Демократиялық мемлекет дауыс беру құқығы мен таңдау құқығын халыққа алдыңғы кезекте береді. Бұл жағдайда халық ақпаратқа қол жеткізуі тиіс, осы жағдайда білу құқығы негізгі рөл атқарады ғой. Басқаша болса сайлау «көзді жұмып» өткізіледі.

Демократия түсінігі өзіне әрі биліктің есептілігін, әрі биліктегі тәртіпті қамтиды. Қайта ақпаратқа қол жеткізу қоғамға өздері таңдап алған басшылардың іс-әрекетіне бақылау жасау құқығын, сондай-ақ маңызды мемлекеттік шешімдер қабылдауға қатысу құқығын беруі тиіс.

Адам құқығы саласындағы халықаралық келісім, жалпы қолдауға ие болмай тұрған уақытта жасалғанына қарамастан, өте өзекті және көрегендік болып табылады. Ал атап айтқанда «ақпарат еркіндігіне құқық» деген түсінік осымен қоғамдағы ақпарат пен идеяның еркін айналымының маңыздылығын мойындай отырып, екіжақты мәнеге ие болды – бұл «білу құқығы» және «пікір білдіру құқығы».

Қазақстан жас тәуелсіз мемлекет екеніне қарамастан, біздің республикамыз ережеден шығып кетпейді. 2009 жылы Қазақстандағы БҰҰ Даму Бағдарламасы Ұлыбритания елшілігінің қаржылық қолдауымен іске асырылатын «Қазақстандағы ақпарат пен әділ сот айқындығы мен қол жеткізу» жобасын іске қосты.

Бүгінгі күні ақпаратқа қол жеткізу саласында жұмыс істейтін ЮНЕСКО, Астанадағы ОБСЕ орталығы, Артикль XIX, Соғыс және бейбітшілік репортаждары институтының өкілдігі, Фонд Сорос-Қазақстан сияқты және басқа түрлі халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықтың жоғары деңгейіне қол жеткізілді.
 

БҰҰДБ жобасы шеңберінде жүргізілген Ақпаратқа қол жеткізудің сараптамалық бағалауына сәйкес, сұралғандардың басым көпшілігі Қазақстанда ақпарат алу құқығы ішінара қамтамасыз етілген деп атап өтті. Сұралғандардың 70,7 % кейбір мәселелер бойынша қандай да болсын ақпарат алуға мүмкіндік жоқ деп санайды. Ақпаратқа қол жеткізу саласында халықаралық және ұлттық заңнаманы талдау «Қазақстан республикасында ақпаратқа қол жеткізу туралы» заң жобасын әзірлеу азаматтардың ақпаратқа құқығын нормативтік-құқықтық реттеудің бірыңғай жүйесін құруға және биліктің ақпараттық ашықтығын қамтамасыз етуге ықпал ететін болады.

Қазақстандағы БҰҰ Даму Бағдарламасы, Қазақстанның Медия Альянсы, ОФ «Әділ Сөз», НПО «Интерньюс Казахстан», ОФ «Medialife», ОФ «Информационная инициатива», ОФ «Десента», СКФ «ЗУБР», «Нұр Отан» ХДП парламентаризм институты, ҚР Әділет министрлігі жанындағы Заң институты және Қазақстандағы басқа да ұйымдардың бірлескен күш-жігерінің арқасында мемлекеттік органдар, жергілікті өзін өзі басқару органдары, аймақтық органдар, мекемелер, ведомстволық тәуелді органдар, ақпаратты алу және тарату саласындағы ұйымдарды, жеке және заңды тұлғаларды жергілікті өзін өзі басқару органдары арасындағы қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған ақпаратқа қол жеткізу туралы жеке заң жобасы әзірленді. Заң жобасы бұқаралық ақпаратты алу мен таратудың әдістері мен тәртібін орнатады, ақпаратты пайдаланушылар мен иемденушілердің құқықтары мен міндеттерін белгілейді, ақпаратты иеленушілердің бұқаралық ақпаратты еркін алу мен тарату құқықтарын іске асыру кепілдігін белгілейді.

Ақпарат еркіндігіне құқық туралы бірқатар стандарттар мен ережелерді іс жүзінде іске асыру үшін тиісті заң қабылдау қажет. Заң өз кезегінде жұртшылықтың білу құқығы туралы халықаралық-мойындалған тоғыз принципіне жауап беруі тиіс.

Бірінші принцип ақпаратты барынша ашуды, тарату саласының кеңдігін және осы құқықтан үміті бар адамдар сияқты, ұйымдардың да іске қосылған тобын талап етеді. Бұл ретте осы принцип мекемелердің немесе мемлекеттік органдардың ақпаратқа қол жеткізуден бас тартуы кезінде мұндай бас тартудың заңдылығын дәлелдеу міндетін қамтамасыз етеді.

Екінші принцип ақпаратты жариялау міндеттемесін білдіреді. Көбіне ақпаратқа тиімді қол жеткізу жедел жарияланымға және мемлекеттік органдардың тіпті сұрау болмағанның өзінде ақпараттың маңызды санаттарын таратуға байланысты.

Үшінші принцип ашық үкіметтің жылжуын мойындайды. Бұл принцип әлем елдерінде көптеген жылдар бұрын қалыптасқан үкіметтік істердің құпиялық мәдениетін жою үшін күреседі. БҰҰ стандарттары бұл орайда мемлекеттік органдардың екі жақты шара қолдануын, демек ақпараттық құқық туралы халықты хабарландыру және үкімет құпиялылығының осы қалыптасқан мәдениетін өзгерту шараларын қолдануы қажеттігін мойындайды.

Төртінші принцип «зиян келтіру» және «қоғамдық мүдденің басымдылығы» аясына түсетін ақпараттың көлемін шығарудың шекті дәл тұжырымын талап етеді. Ақпарат беруден бас тарту үкіметті қолайсыз жағдайдан қорғау немесе мемлекетке зиян келтіретін фактіні жариялау мақсатымен дәлелдене алмайды. Айырықшалық пікір білдіру еркіндігін шектеу жөніндегі халықаралық стандарттарға жауап беруі тиіс.
 

Бесінші принцип сұратылған деректерді жылдам, ыңғайлы және сапалы жүйемен өңдеу арқылы ақпаратқа қол жеткізуді жеңілдетуге бағытталған процесс жасауға шақырады.

Алтыншы принцип, сұрауларды жүзеге асыруға жұмсалған ең аз шығынды жаба отырып ақпарат бергені үшін жоғары алым алуға қарсы тұрады.
Жетінші принцип мемлекеттік органдардың жұртшылық үшін ашық мәжіліс өткізу қажеттігі туралы айтады. Бірақ бұл принцип ақпаратқа құқық туралы заңның талабымен әрқашан мойындала бермейді, көбіне ол жеке заң сияқты көрінеді.

Сегізінші принцип үкіметтік істердің құпиялық мәдениетінің күшімен заңдар көп жағдайда білу құқығына тыйым салды, ақпаратты барынша ашу заңына қарсы тұратын заңдарды жою немесе қайта қарауға шақырады.

Ең соңында тоғызыншы соңғы принцип басқа адамдар мен ұйымдардың бұзушылықтары туралы ақпарат беретін адамдарды қорғауды қамтамасыз етеді. Құқық туралы заң ақпаратты ізгі ниетпен ашуы мүмкін мемлекеттік қызметкерлерді жауапкершіліктен қорғайтын санкцияларды көздеуі тиіс.

Жоба шеңберінде 2010 жылы Өскемен, Қарағанды, Алматы және Орал қалаларында Қазақстанда ақпаратқа қол жеткізу туралы айматық қоғамдық тыңдау өткізілді. НПО өкілдерімен, Қазақстанның мемлекеттік органдары мен ғылым қайраткерлері ақпаратқа қол жеткізу жөнінде әзірленген заң жобасының өзектілігін және заңнаманы енгізу перспективасың талқылаған. Қатысушылардың және халықаралық сарапшылардың пікірлер бойынша заң жобасының нормалары одан әрі жетілдірген.

Қорыта келе ақпаратқа құқық өзінің ең жақсы көрінісімен әлем елдерінің халықтары үшін маңызды әлеуметтік басымдылықты қаматамасыз ететінін тағы да бір рет атап өткім келеді. Ақпаратқа құқық, елді басқаруда азаматтардың тиімді қатысуы қызмет атқаратын және үкіметтің есеп беру мүмкіндігі болатын демократиялық мемлекеттің қалыптасу жолында негізгі копонент болып табылуы мүмкін. Ақпаратқа құқық әр түрлі деңгейдегі сыбайластық жағдайын табу құралы болғанына көптеген мысалдар келтіруге болады. Ақпаратқа құқық мемлекеттегі үкімет пен бизнес арасындағы тиімді ақпарат ағынын қамтамасыз етуде маңызды рөл ойнауы мүмкін екенін айтудың маңызы аз емес.

Әлия Дуганова, «Қазақстанда ақпарат пен әділ заңның ашықтығы мен қол жеткізу» жобасының менеджері

 



 

Home | Contacts | Public Information Policy
Copyright 2008-2012 © UNDP Kazakhstan
Сайтты жасау —
«Веб студия 4Design»