Халықтың барлық жіктерінің мүдделеріне сай даму
Даму инклюзивті бола алады – халықтың барлық топтары мүмкіндіктер тудыруға өз үлестерін қосқан жағдайда, дамудың қамтамассыз ететін артықшылықтарымен бөліскен және шешімдер қабылдауда қатысқан жағдайда ғана кедейшіліктің азаюына әкелуі мүмкін. Қазақстандағы Елдік кеңсе ұлттық серіктерге инклюзивті дамуға бағытталған стратегиялар мен бағдарламаларды дайындап жүзеге асруға асыруға көмек көрсетеді. Өзінің мол халықаралық тәжірибесіне сүйене отырып БҰҰДБ – экономикалық өмірдегі әйелдердің қатысын кеңейту, мүмкіндіктері шектеулі жандардың мәселелерін мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың құзырына қарату, оралмандарға мүмкіндіктер тудыру, кәсіпкершілік саласындағы мүмкіндіктерді, экономикалық дамуды нығайту, жұмыспен қамтамассыз ету, ҮЕҰ қолдау, халыққа қызмет көрсетуде қоғамдық ұйымдарды қолдау, корпаративті әлеуметтік принциптерді енгізу, жауапкершілікті шаруашылық тәжірибесін енгізу және т.б. салаларда консультативті көмек көрсетеді. Біз республикалық және жергілікті билік органдарына халықтың кедей топтарының мүдделерінің дамуын ынталандыратын, кедейшілік деңгейін төмендететін және МДМ жетуге арналған стратегиялар мен саясатты әзірлеуде көмектесеміз.
ҚЫЗМЕТ САЛАЛАРЫ
2010-2015 жылдарға арналған бағдарламада айқындалған басты мақсаттар саласындағы теңқұқылы ынтымақтастық шеңберінде, Мемлекеттік басқару мен жергілікті даму (МБЖД) тобы келесідей салаларда қызмет атқарады:
1. Кәсіпкерлер арасындағы корпоративті этиканың дамуын ынталандыру, қоғамның дамуы сурақтарына жеке секторды баулу, БҰҰ Бас хатшысы ұсынған «Ғаламдық келісімнің» мақсат-мүдделерін дамытуға бағытталған, даму мақсатындағы әріптестік.
2. Халықтың осал жіктеріне көрсетілетін әлеуметтік қызметтердің сапасын жоғарлатуға бағытталған, әлеуметтік интеграция. Әлеуметтік интеграция мен мүмкіндіктері шектеулі жандар мен оралмандардың сияқты ең әлеуметтік осал топтардың құқықтары сұрақтарын саясат пен қызметке қосу, халықтың осал жіктері соқтығып отырған әлеуметтік қауіп-қатерлерді төмендету, сараптау, мониторинглеу және олардың экономикалық мүмкіндіктерін күшейту.
3. Адам қауіпсіздігі, бұнда негізінен назар ауыл кәсіпкерлерінің клммерциялық потенциалын күшейтуге, экономикалық мүмкіншіліктерді тудыру, микролизинг және микронесиелендіру бағдарламалары арқылы жұмыспен қамтамассыз ету мүмкіншіліктерін жасау, халыққа қызмет көрсету саласында ҮЕҚ мен қоғамдық ұйымдарға қолдау көрсету.
4. Салалық даму. БҰҰДБ - ұлттық әріптестеріне даму, прогресті мониторинглеу және мақсаттарға жету саласындағы олардың қажеттіліктерін бағалауда дұрыс шешімдерді қабылдап, оларды тиімді саясатқа ұластыруға қажет барлық мүдделі жақтардың ақпаратты жинап, сараптаудағы потенциалын жоғарлата отырып, ат салысады.
Жүзеге асырылып жатқан жобалар:
- Соңғы онжылдықта Қазақстан этникалық қазақтардың (оралмандар) үлкен бөлігін тарихи отанына қабылдады. Әлеуметтік бейімделу оралмандар ұшырап отырған өткір мәселелердің бірі болып табылады . «Қазақстанның Семей аймағындағы осал топтарын оралмандардың экономикалық және әлеуметтік интеграциясы арқылы қолдау" жобасы Семей қаласының әкімдігі, БҰҰБД мен БҰҰЕ қолдауымен іске асырылады. Бейімделу және әлеуметтік интеграция орталығы шеңберінде ашылу жыл сайын 1000 оралманға тілдерді (қазақ және орыс), адам құқықтарының негіздерін, стратегиялық жоспарлауды, лидерлік қаблетті дамытуды және т.б. игеруге көмек көрсетуге мүмкіндік береді.
- БҰҰДБ мен БҰҰ Трастық Қорының демократиялық даму жөніндегі «Қазақстанда МДМ іске асыруды жеделдету мақсатында аймақтық алшақтықты қысқарту» туралы бірлескен жобасының шеңберінде бұрынғы Семей ядролық полигонындағы сынақтардан зардап шеккен аймақтарға дамудың аймақтық алшақтығы проблемаларын қоғамдық тауарлар мен қызметтерді ұсыну саясатын жасау, жоспарлау және бюджеттеу мен іске асыру жүйесін нығайту арқылы тиімді шешуге көмек көрсетілетін болады. Аймақтың жайсыз аудандардың әкімдіктері мен маслихаттары халықтың кедей жіктерінің мүддесінде жоспарлау мен бюджеттеу бойынша адрестік техникалық көмек алатын болады.
- Қазақстанда экономикалық өсу мен адам құқығын сақтауға көңіл бөлудің күннен күнге артып келе жатқанына қарамастан мүмкіндіктері шектеулі адамдардың құқықтарын сақтау мәселелері көбіне назардан тыс қалып келеді. Қазақстан Республикасының Үкіметі Мүмкіндіктері шектеулі адамдардың құқықтары жөніндегі БҰҰ Конвенциясына қол қойды және факультативтік Хаттаманы ратификациялауды қарастырып жатыр. Қазақстан Үкіметі мен Ұлыбритания Елшілігінің қаржылық қолдауымен БҰҰДБ Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне «Мүмкіндіктері шектеулі адамдарды әлеуметтік қорғау жүйесін жетілдіру және арнайы әлеуметтік қызметті ұсыну жүйесін дамыту» жобасының шеңберінде қолдау көрсетеді. Ынтымақтастық келешекте мүмкіндіктері шектеулі адамдарды қоғамға интеграциялау жөніндегі ұлттық бағдарламаны дайындаумен бірге мүмкіндіктері шектеулі адамдардың проблемаларын терең зерттеуді қамтиды.
- Халықаралық сауда жүйесіне интеграциялану кедейлікті азайтуға бағытталған ғаламдық күш салуда маңызды рөл атқарады. Дамудың секторалдық және географиялық басымдылықтарын ескере отырып БҰҰДБ және Финляндия ҮКІМЕТІ Орталық Азияда, Оңтүстік Кавказ бен ТМД-ның Батыс елдерінде сауда саласындағы дамуды қолдау үшін ұзақмерзімдік серіктестікке кірісті. Жоба сауда-саттыққа жәрдем беру және әр бір елдің бәсекелестігін жақсарту арқылы экономикалық өсуді ынталандыруға бағытталған. Қазақстанда бұл жоба Шығыс Қазақстан облысында іске асырылып жатыр. Жобамен кәсіпкерлікті және микроқаржыландыруды дамыту үшін сұранысқа, сондай-ақ өндіріске экологиялық таза тағамдарды енгіз мәселелері бойынша талдау жүргізілді. Жоба шағын және орта бизнеске сауда, экспорт және микроқаржыландыру мәселелері жөнінде консультативтік қызметтер көрсетеді.
- 2009 жылдың соңында Қазақстанда БҰҰДБ «Шығыс Еуропа мен ТМЛ елдерінде инклюзивтік рынокты дамыту» атты үшжылдық аймақтық жобаны іске асыру басталды. Ол жеке секторды кедейлік проблемасын шешуге тартудың ғаламдық бастамасының бір бөлігі болып табылады. Қазақстанмен қатарлас аймақтық деңгейде жоба Боснияда және Герцоговинада, Косово мен Өзбекстанда халықаралық ынтымақтастық және даму жөніндегі Түрік агенттігімен (TIKA) серіктестікте іске асырылады. БҰҰ-ның жеке секторды дамыту стратегиясының принциптерін негізге ала отырып Қазақстандағы жоба инклюзивтік рыноктар – рыноктар құру үшін өндіруші ретінде халықтың осал топтарын, жеткізушілерді және жалданушы жұмыскерлерді (ұсыныс жағынан) және клиенттер және тауарлар мен қызметтерді тұтынушыларды (сұраным жағынан) қамтитын бенефициарлардың кең тобымен серіктестіктің дамуына ықпал ететін болады. Бұл бастаманың табысты болу кілті жергілікті рыноктардың ерекшеліктерін түсінуде екендігін тәжірибе көрсетіп отыр.














