Біздің жұмысымыз
Қазақстандағы БҰҰ Даму Бағдарламасының (БҰҰДБ) негізгі құзыреті 2009 жылдың 25 қарашанындағы БҰҰДБ мен Қазақстан Республикасының Үкіметінің арасындағы Негізгі келісіммен анықталады. Бұл келісімге сай БҰҰДБ «экономикалық даму саласындағы маңызды сұрақтарды шешу, әлеуметтік ілгері дамуды қолдау және халықтың өмір сүру деңгейін жоғарлатудағы жүзеге асырылып жатқан іс-әрекеттерді қолдап, толықтыруы» қажет.
Қазақстандағы БҰҰДБ кеңсесі, мемлекет Біріккен Ұлттар Ұйымының толық құқылы мүшесі болып тағайындалғаннан кейін, 1993 жылы ашылды. Содан бері БҰҰДБ жалпы сомасы 48 миллион АҚШ доллары болатын 100-ден астам жобалардың жүзеге асырылуында қолдау көрсетті.
Қазіргі уақыттағы Қазақстандағы БҰҰДБ-ның қызметі, Елдік бағдарлама (ЕБ) мен Қазақстанның 2010-2015 жылдарға арналған Елдік бағдарламасының іс-шаралар Жоспарымен реттеліп отырады. Бұл жоспар мен бағдарлама ұлттық бастылықтарға сәйкес және мемлекеттің ұзақ мерзімді даму стартегиясын («Қазақстан - 2030») қолдайды. БҰҰДБ барлық бағдарламалары мен жобаларында ұлттық жауапкершілік пен мүдделілігін, Қазақстан жағынан еңбек және қаржы көздерінің бөлінуі қарастырылған.
БҰҰДБ Қазақстанға көмек көрсетуінің негізгі жолы – жобаның іске асырылуы болып табылады. Жоба – мемлекет дамуының ауқымды мақсаттарына жетуіне үлесін қосатын бірқатар маңызды міндеттерге жетуге бағытталған шаралардың кезектілігі. Жоба – мақсаттарға жетудің жоспары мен олардың жүзеге асырылу деңгейін бағалау құралы болып табылатын, БҰҰДБ мен басқа орындаушылардың арасындағы міндетті келісім құжаты - Жобалық құжаттың негізінде жүзеге асырылады. Сонымен қатар Жобалық құжат қол жеткен прогресс немесе ауытқушылықтарды бағалайтын индикаторлар, қажетті ресурстар мен жобаны басқару механизмдері бөлімдерінен тұрады. Жобалық құжатқа БҰҰДБ Тұрақты өкілі мен Орындаушы агенттіктің жетекшілері (орындаушы агенттікт ұйымы ретінде мемлекеттік орган немесе үкіметтік еме ұйым бола алады) қол қояды.
Жобалық құжат бекітіліп, қаражат бөлінгеннен кейін, БҰҰДБ (конкурстық негізде) жобаның менеджерін – жобаның іске асырылуына жауапты тұлға – жобаның менеджерін тағайындайды. Жобаның менеджері - арнайы тағайындалған орындаушы агенттікттің жоғары лауазымды өкілі ұлттық координатордың жетекшілігімен, БҰҰДБ ережелері мен қағидаларына сәйкес қызмет атқарады. Жоба аяқталғаннан кейін БҰҰДБ жобаның нәтижелері бар есепті үкіметке жіне донорларға ұсынады.
Қазақстандағы БҰҰДБ кеңсесі Қазақстандағы БҰҰ-ның агенттіктері, қорлары мен бағдарламаларының жүйесіне кіреді. Қазақстанға қолдау көрсетіп отырған, БҰҰ-ның барлық агенттіктері, 2010-2015 жылдарға арналған даму мақсатында қолдау көрсету (ЮНДАФ) бойынша БҰҰ-ның Жақтаулы бағдарламасының аясында жұмыс істейді. ЮНДАФ, Қазақстандағы БҰҰ жүйесі өз қорларын бағыттап отыратын, бірлесе келісілген бастылықтардың кешені болып табылады. ЮНДАФ ұлттық институттармен біріге отырып дайындалып, БҰҰ-ның барлық агенттіктерімен және Қазақстан Республикасы Үкіметі атынан Сыртқы істер Министрлігімен бекітліп, қол қойылады. Өз қызметіндегі бастылықтарды анықтауда БҰҰДаму Бағдарламасы ЮНДАФ-қа толығымен сүйенеді және оның жүзеге асырылуына БҰҰ-ның басқа агенттіктерімен біріге қызмет атқару арқылы белсенді үлесін қосады.














