UNDP Global Web Site
Development and Transition
kick out poverty
Ассамблея народов Казахстана
Сіздің ойыңызша, Қазақстандағы БҰҰ Даму Бағдарламасының қай саладағы қызметі өзекті?
Климаттың өзгеруіне қарсы күрес
Қазақстандағы энергожабдықтауды жоғарылату
Каспий биологиялық алуан түрлілгін сақтау
Тұрақты даму
Кедейшілікпен күрес
Әлеуметтік қызмет көрсетуді жақсарту
Гендерлік теңдік
Қазақстанның сулы-батпақты алқаптарын сақтау
Аймақтық даму
Ақпарат көздеріне шығу мүмкіндіктерін жақсарту

БҰҰ-ның жобалары
БҰҰДБ/ҒЭҚ Aлтай-Саян жобасы
БҰҰДБ/ҒЭҚ сулы-батпақты жобасы
БҰҰДБ/ҒЭҚ жел энергетика жобасы
Энергмялык жобасы
Басты бет / Даму

Даму

БҰҰ Даму бағдарламасы Қазақстанда өз мақсаттары мен ұстанымдарын жүзеге асыру барысында негізгі құндылық ретінде адамзаттың даму концепциясын ұстанады. Аталып отырған концепция адамның сапалы өмірін қалыптастыруға, оның өзін қоршаған ортаны әлеуметтік жағынан өзгерту және өзін көрсетуі мүмкіндігін тудыруына саяси, экономикалық және экологиялық әсер ету факторларының жан-жақты бірлігіне негізделген. Адамның мүмкіншіліктерін дамыту және қабілеттілігін арттыруға жағдай жасау қажеттілігі, оның антропогендік және табиғи ортаға үйлесімді енуінің негізі болып табылады.

Осындай адамгершілік пайымдарды негізге ала отырып, Нью-Йорк қаласында 2000 жылы өткен Мыңжылдық саммитінде мыңжылдық тоғысындағы даму саласындағы Мақсаттардың табыстылығын, осы мақсаттарды біріктіретін басты мақсат – 2015 жылы кедейшілік деңгейін 2 есе азайтуды әлемдік басшылар өздеріне міндет қылып тағайындады. БҰҰДБ жүйесі осы мақсаттарға жету жолында ғаламдық және ұлттық іс-әрекеттерді байланыстып, үйлестіреді. Біздің негізгі қызметіміз мемлекеттерге демографиялық басқару, кедейшілікпен күрес, дағдарыстардың алдын алу және қалыптасу, энергетика және қоршаған орта, АИЖВ-ЖПБИЖС саласында шешім табу және тәжірибе алмасу жолдарын қарастыруға көмек беруде топталған. Мыңжылдықтың даму мақсаттарында (МДМ) толығырақ айтып өтсек.

Жаппай ғаламдану, экономикалық теңсіздік және климаттың өзгеруі дәуірінде БҰҰДБ дамып келе жатқан мемлекеттерге халықаралық көмекті жұмылдыру және тиімді қолдану ісінде көмек көрсетеді. Ғаламдық жүйесіздік пен басқарудың орталық жүйесінің болмауы себебінен дамуға бөлінген қаржының заңды жұмсалуы мен бағытты игерілуі мәселелері қазіргі таңда өзекті болып отыр. Сол себепті БҰҰДБ, жұмылдырылған халықаралық қаржы қорларын мемлекеттің дамуының нақты игіліктері мен әлеуметтік ілгері дамуына бағыттау мақсатында есеп берудің ашық әрі жоғары үлгілерін қолдайды.

БҰҰДБ-ның басты ұстанымдары халықтың барлық жіктерінің мүдделерінде дамуды ынталандыру болып табылады. Климаттың өзгеруіне бейімделу, таза ауыз суы, энергетикалық жетіспеушіліктің болмауы, басқарудың жауапкершілікті жүйесін ұйымдастыру, мекен ету ортасын жақсарту халықтың барлық осал жіктеріне нақты көмек көрсету, адамзаттық даму мен әлеуметтік қорғалуын қамтамассыз ететін негіз бола алады.

БҰҰДБ-ның көпшілік сарапшыларының пікірі бойынша, дамудағы бастапқы ұстаным – институттардың қоғамдағы оңтайлы өзгерістерге әсер етуіне, қоғамның неғұрлым белсенді мүшелерін қатыстыра отырып, қарқынды дамып келе жатқан ұйымдастырушылық мүмкіндігі болуы керек. Сол себепті БҰҰ Даму Бағдарламасы қазақстандық мемлекеттік және қоғамдық құрылымдармен, білім беру мекемелерімен, сараптау орталықтары және қоғамдық қозғалыс өкілдерімен тығыз қатынасты ұстанады.

Елдегі ғаламдық өзгерістерді белгілеу үшін, БҰҰ Даму Бағдарламасы жыл сайын Қазақстандағы Адамзаттың даму есебін береді. Бұл есеп қазақстандық қоғам үшін, мемлекеттің ғаламдық даму тұрғысынан тұрақты дамуына әсер ететін, мүмкін қатерлердің алдын алуға бағытталған белгі болып табылады. Аталған есеп ұйымның көзқарас-ұстанымдарынан тәуелсіз, мемлекеттің статистикалық көрсеткіштерінің есебімен, тақырыптарға сай мамандандырылып, қазақстандық сарапшылардың тобымен дайындалады. Адамзаттық дамудың соңғы есебімен осы жерде таныса аласыз. 
 

Home | Contacts | Public Information Policy
Copyright 2008-2012 © UNDP Kazakhstan
Сайтты жасау —
«Веб студия 4Design»