Development and Transition
kick out poverty
Ассамблея народов Казахстана
Сіздің ойыңызша, Қазақстандағы БҰҰ Даму Бағдарламасының қай саладағы қызметі өзекті?
Климаттың өзгеруіне қарсы күрес
Қазақстандағы энергожабдықтауды жоғарылату
Каспий биологиялық алуан түрлілгін сақтау
Тұрақты даму
Кедейшілікпен күрес
Әлеуметтік қызмет көрсетуді жақсарту
Гендерлік теңдік
Қазақстанның сулы-батпақты алқаптарын сақтау
Аймақтық даму
Ақпарат көздеріне шығу мүмкіндіктерін жақсарту

БҰҰ-ның жобалары
БҰҰДБ/ҒЭҚ Aлтай-Саян жобасы
БҰҰДБ/ҒЭҚ сулы-батпақты жобасы
БҰҰДБ/ҒЭҚ жел энергетика жобасы
SysLab жобасы
Энергмялык жобасы
Басты бет / Мақалалар

Мақалалар

 

1995 жылдан бастап, БҰҰДБ Адамзат дамуы туралы Ұлттық есебінің дайындалуын қолдап келеді. Қазақстан – жыл сайынғы негізде есеп дайындайтын жалғыз мемлекет, бұл халықаралық деңгейде аталған бірегей тәжірибе. Есептер мемлекеттің көкейтесті сұрақтарын қарастыра отырып, саясаткерлер, зерттеушілер мен қоғамның көпшілік топтарына арналған пайдалы анықтамалық та болып табылады.

Адамзат дамуы бойынша ұлттық есептермен қатар Қазақстандағы БҰҰДБ Қазақстанның дамуындағы маңызды сұрақтар бойынша зерттеулер жүргізеді. Бұндай есептер ұлттық саясатты қалыптастыруда ұлттық диалогтың кеңеюіне мүмкіндік туғызады. БҰҰДБ Қазақстандағы қоршаған ортаны қорғау мен қазіргі жағдайы, адам құқықтарын қорғау институттарын дамыту, гендерлік сұрақтар, кедейшілік, ауылда дамыту, үкіметтік емес ұйымдардың, ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың және оралмандардың мәртебесі, әйелдердің жағдайына қатысты сұрақтарға байланысты көптеген тақырыптық жиынтықтар дайындады. Бұл жариялымдармен жариялымдардың дерекқорында көріп танысуға болады. 

Сонымен қатар біздің жариялымдарды 2005 жылдың қыркүйек айынан өз жұмысын бастаған БҰҰДБ, Дүниежүзілік Банк пен Астана қаласындағы Азиялық Даму Банкінің бірлескен Даму ақпараттық орталығынан да таба аласыз. Даму ақпараттық орталығы Қазақстан Республикасының Ұлттық Академиялық кітапханасында орналасқан, мекен-жайы: Астана қ., Достық к-сі, 11.
 

 

Адамзат дамуының 2009 жылғы ұлттық есебі «Оқшауланудан теңдікке: қазақстандағы мүгедектердің құқықтарын жүзеге асыру» бүкіл қоғамды алаңдатып отырған маңызды сұрақтардың бірін шешуге және оның жағдайын талқылауға арналған. Бұл Қазақстандағы мүмкіндіктері шектеулі жандардың құқықтарының жүзеге асырылуына жағдай туғызумен байланысты. Есеп – мүгедектерге қатысты қазақстандық заңнамалар мен Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық инфрақұрылымына қатысты бірінші кешенді сараптама болып табылады.

Тұңғыш рет Ұлттық есепті дайындау үшін он-лайн талқылау әдісі колданылды, бұл барлық мүүделі топтардан, бірінші кезекте еліміздің түкпір-түкпірінде өмір сүріп жатқан мүгедектерден ұсыныстар алуға мүмкіншілік тудырды. Есеп баршылыққа жетімді үлгіде: Брайль шрифтінде және DAISY форматында дайындалған. Мұқабаны безендіруде, өзі көруі бойынша мүгедек болып табылатын жас суретші Қасиет Омарованың «Барлығы сенің қолыңда» атты суреті қолданылды.

 

2009 жылдың 9 қыркүйегінде Астана қаласында, адам құқығы саласындағы Қазақстанның ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын қалыптастыратын, Орталық Азия мен Қазақстанның тарихындағы тұңғыш құжат - 2009-2012 жылдарға арналған Қазақстанның адам құқықтары бойынша іс-әрекеттерінің Ұлттық жоспарының тұсау кесері болды. Ұлттық жоспар адам құқықатары саласындағы заңнамаларды, адам құқықтарын қорғаудың ұлттық жүйесін жетілдірудегі, сонымен қатар халықтың адам құқықтары мен оларды қорғау мүмкіндіктері туралы ақпараттандырылуын жақсатру бағытындағы нақты қадамдарды айқындайтын ұзақ мерзімді топталған бағдарлама.

 

Home | Contacts | Public Information Policy
Copyright 2008-2010 © UNDP Kazakhstan
Сайтты жасау —
«Веб студия 4Design»