UNDP Global Web Site
Development and Transition
kick out poverty
Ассамблея народов Казахстана
Сіздің ойыңызша, Қазақстандағы БҰҰ Даму Бағдарламасының қай саладағы қызметі өзекті?
Климаттың өзгеруіне қарсы күрес
Қазақстандағы энергожабдықтауды жоғарылату
Каспий биологиялық алуан түрлілгін сақтау
Тұрақты даму
Кедейшілікпен күрес
Әлеуметтік қызмет көрсетуді жақсарту
Гендерлік теңдік
Қазақстанның сулы-батпақты алқаптарын сақтау
Аймақтық даму
Ақпарат көздеріне шығу мүмкіндіктерін жақсарту

БҰҰ-ның жобалары
БҰҰДБ/ҒЭҚ Aлтай-Саян жобасы
БҰҰДБ/ҒЭҚ сулы-батпақты жобасы
БҰҰДБ/ҒЭҚ жел энергетика жобасы
Энергмялык жобасы
Басты бет / Даму / Даму индикаторлары

Даму индикаторлары

Адам дамуының интегралдық көрсеткіштері

1987 жылы БҰҰ-ның дамуды жоспарлау жөніндегі комитеті құрылымдық қайта құрудың адам шығынын 1988 жылғы өз баяндамасында қарауға шешім қабылдады. Осы баяндаманы дайындау кезінде М.Уль-Хаканың басшылығымен жүргізілген зерттеулердің нәтижелерін «Адам әлеуетінің дамуы: даму стратегиясының ұмытылған өлшемі» деген тақырыппен жарияланған баяндаманың жобасы түрінде К. Гриффин дайындаған еді. Кейін К. Гриффин Джон Найтпен (Griffin K. and Knight J.) бірге жұмыстың нәтижелерін 1989 жылы «Дамуды жоспарлау журналының» арнайы нөмерінде басып шығарды және 1990 жылы кітап түрінде қайта басып шығарды. Бұл жұмыстар адамның дамуына тұжырымдамалық тәсілдеменің негізіне жатқызылды.

Адам әлеуетінің дамуын қазіргі заманға сай ұғынуға принципті әсерін 1989 жылы «Мүмкіндіктерді кеңейту ретінде дамыту» жұмысын жариялаған экономика саласындағы Нобель сыйлығының лауреаты Амартьи Сеннің (Sen A.) теоретикалық әзірлемесі көрсетті. Сен даму процесін материалдық немесе экономикалық әл-ауқатты көтеру ретінде емес, адамның «мүмкіндіктерін» кеңейту процесі, яғни ұзақ өмір сүру мен салауатты өмір салты мүмкіндіктері, білім алуға қол жеткізу мүмкіндігі, көп жұмыс жасау мүмкіндігі және тағысын-тағылар ретінде қарады. Бұл ретте мүмкіндікті кеңейту процесі адамның таңдау еркіндігін кеңейтуге байланысты. Сонымен адам дамуының тұжырымдамасы экономикалық дамудың мақсаты ретінде ЖҰӨ өсуін емес, адамның өзінің даму, оның таңдау еркіндігін кеңейту мүмкіндіктерін қойды.

БҰҰ Даму бағдарламасының сарапшылар тобы әзірлеген адам дамуының тұжырымдамалық тәсілдемесі (ағылшынша human development, сондай-ақ ағылшын тілінен «адам әлеуетін дамыту» ретінде аударылатын), алғаш рет бірінші бүкіл дүниежүзілік 1990 жылғы адамның дамуы туралы баяндама-1. Адам дамуының интегралдық көрсеткіштері 1987 жылы БҰҰ-ның дамуды жоспарлау жөніндегі комитеті құрылымдық қайта құрудың адам шығынын 1988 жылғы өз баяндамасында қарауға шешім қабылдады. Осы баяндаманы дайындау кезінде М.Уль-Хаканың басшылығымен жүргізілген зерттеулердің нәтижелерін «Адам әлеуетінің дамуы: даму стратегиясының ұмытылған өлшемі» деген тақырыппен жарияланған баяндаманың жобасы түрінде К. Гриффин дайындаған еді. Кейін К. Гриффин Джон Найтпен (Griffin K. and Knight J.) бірге жұмыстың нәтижелерін 1989 жылы «Дамуды жоспарлау журналының»  арнайы нөмерінде басып шығарды және 1990 жылы кітап түрінде қайта басып шығарды. Бұл жұмыстар адамның дамуына тұжырымдамалық тәсілдеменің негізіне жатқызылды.

Адам әлеуетінің дамуын қазіргі заманға сай ұғынуға принципті әсерін 1989 жылы «Мүмкіндіктерді кеңейту ретінде дамыту» жұмысын жариялаған экономика саласындағы Нобель сыйлығының лауреаты Амартьи Сеннің (Sen A.) теоретикалық әзірлемесі көрсетті. Сен даму процесін материалдық немесе экономикалық әл-ауқатты көтеру ретінде емес, адамның «мүмкіндіктерін» кеңейту процесі, яғни ұзақ өмір сүру мен салауатты өмір салты мүмкіндіктері, білім алуға қол жеткізу мүмкіндігі, көп жұмыс жасау мүмкіндігі және тағысын-тағылар ретінде қарады. Бұл ретте мүмкіндікті кеңейту процесі адамның таңдау еркіндігін кеңейтуге байланысты. Сонымен адам дамуының тұжырымдамасы экономикалық дамудың мақсаты ретінде ЖҰӨ өсуін емес, адамның өзінің даму, оның таңдау еркіндігін кеңейту мүмкіндіктерін қойды.

БҰҰ Даму бағдарламасының сарапшылар тобы әзірлеген адам дамуының тұжырымдамалық тәсілдемесі (ағылшынша human development, сондайақ ағылшын тілінен «адам әлеуетін дамыту» ретінде аударылатын), алғаш рет бірінші бүкіл дүниежүзілік 1990 жылғы адамның дамуы туралы баяндамада жарияланды. Бұл баяндамада адамның дамуы «адамның таңдауын кеңейту процесі қалай болса, адамдардың әл-ауқатының жеткен деңгейі де солай» деген тұрғыда анықталды. Мұндай таңдаулардың біреуі ғана табыс болып табылады, бірақ денсаулықтың, білімнің, тұратын ортасының, іс-әрекет еркіндігі мен сөз бостандығының да маңыздылығы кем емес. Баяндама әлеуметтік-экономикалық прогресті: күтілетін өмір сүру ұзақтығын, ересек тұрғындардың білім алу деңгейі мен табысын өзіне біріктіретін адам дамуының индексін (АДИ) өлшеу үшін жаңа аспапты берді.

Адам дамуының мұндай анықтамасы адам дамуын бағалауға және талдауға мүмкіндік туғызатын cтратегиялық көрсеткіштердің кең және тармақтанған жүйесін алдын ала айқындайды. Адамның дамуын көрсететін стратегиялық көрсеткіштердің жалпы жіктелуі көрсеткіштердің мынадай үш тобымен берілуі мүмкін: Адам дамуының жалпы бағасын беретін интегралдық көрсеткіштер, адам дамуының негізгі интегралдық құрамдауыштарын сипаттайтын базалық көрсеткіштер, адам дамуының өзге де аспектілерін сипаттайтын басқа көрсеткіштер, адам дамуының базалық және интегралдық көрсеткіштері. Адам дамуының базалық көрсеткіштері адам дамуының үш негізгі компонентіне – көп жасау, білімділік және тұрмыс деңгейіне сәйкес келеді.

Тұтас алғанда адам дамуының осы компоненттерінің әрқайсысы адамның бірнеше маңызды мүмкіндіктерін қамтиды. Мәселен, көп жасау - ұзақ өмір сүру мен салауатты тұрмыс мүмкіндігін білдіреді, білімділік – білім алуды, араласуды, қоғам өміріне қатысуды, тұрмыс деңгейі – лайықты тұрмыс құрып, салауатты өмір сүруге, аумақтық және әлеуметтік икемділік үшін жағдайдың болуына, да жарияланды. Бұл баяндамада адамның дамуы «адамның таңдауын кеңейту процесі қалай болса, адамдардың әл-ауқатының жеткен деңгейі де солай» деген тұрғыда анықталды. Мұндай таңдаулардың біреуі ғана табыс болып табылады, бірақ денсаулықтың, білімнің, тұратын ортасының, іс-әрекет еркіндігі мен сөз бостандығының да маңыздылығы кем емес. Баяндама әлеуметтік-экономикалық прогресті: күтілетін өмір сүру ұзақтығын, ересек тұрғындардың білім алу деңгейі мен табысын өзіне біріктіретін адам дамуының индексін (АДИ) өлшеу үшін жаңа аспапты берді.

Адам дамуының базалық және интегралдық көрсеткіштері

Адам дамуының базалық көрсеткіштері адам дамуының үш негізгі компонентіне – көп жасау, білімділік және тұрмыс деңгейіне сәйкес келеді. Тұтас алғанда адам дамуының осы компоненттерінің әрқайсысы адамның бірнеше маңызды мүмкіндіктерін қамтиды. Мәселен, көп жасау - ұзақ өмір сүру мен салауатты тұрмыс мүмкіндігін білдіреді, білімділік – білім алуды, араласуды, қоғам өміріне қатысуды, тұрмыс деңгейі – лайықты тұрмыс құрып, салауатты өмір сүруге, аумақтық және әлеуметтік икемділік үшін жағдайдың болуына, қоғамөміріне және т.б. қатысу үшін қажетті ресурстарға қол жеткізуді білдіреді.

Адам дамуының осы үш компоненті үшін іс жүзінде әлемнің барлық елдеріне арналған тұрақты есептелетін және салыстырмалы көрсеткіштердің жүйесі ұсынылды. Бұл ретте базалық көрсеткіштердің сандық мәндері адам дамуының белгілі бір аспектісінде таңдау мүмкіндігін кеңейту туралы айтады. Ұзақ өмір сүруді сипаттайтын көрсеткіштер. Туу кезінде күтілетін өмір сүру ұзақтығы ұзақ өмір сүруді сипаттайтын көрсеткіш қызметін атқарады. Ықшамдық үшін күтілетін өмір сүру ұзақтығы туралы жиі айтады. Бұл көрсеткіш халықаралық статистиканың ең көп тараған көрсеткіштерінің бірі болып табылады және «өлім кестесі» деп аталатын шеңберде есептеу барысында анықталады. Туу кезінде күтілетін өмір сүру ұзақтығы - ұрпақтың бүкіл өмірінің бойында әрбір жастағы өлім деңгейі оның туған жылындағыдай болып қалатын жағдайдағы ұрпақтың бір адамының алда тұрған орташа өмір сүретін жасының саны.

Көрсеткіш тұтас алғанда екі жыныс үшін де, еркек пен әйел үшін жеке-жеке де есептеледі. Тұрғындардың қайыршылық индексін есептеу кезінде пайдаланылатын және ұзақ өмір сүру мен салауатты тұрмыс мүмкіндіктерін айыру дәрежесін сипаттайтын белгілі бір жасқа дейін өмір сүрмейтін халықтың үлесінің көрсеткіші осы көрсеткішті толықтырушы болып табылады. Күтілетін өмір сүру ұзақтығының көрсеткіші даму деңгейі орташа елдер үшін балалардың 5 жасқа дейінгі өлім-жітімі көрсеткішімен, ал жоғары дамыған елдер үшін – ананың өлім-жітімі коэффициентімен толықтырылуы мүмкін.

Білімділікті сипаттайтын көрсеткіштер
 

Білімділік 15 жастағы және одан жоғары сауатты халықтың үлесімен, сондай-ақ халықтың оқытумен
қамтылу көрсеткішімен бағаланады. Сауаттылық – адамның күнделікті өміріне қатысты шағын мәтінді оқу, түсіну және жазу қабілеттілігі. Сауаттылық дамушы елдер үшін білімділіктің ең маңызды көрсеткіші болып табылады, сондықтан АДИ-ді есептеу кезінде оған оқытумен қамту көрсеткішіне қарағанда екі есе көп салмақ қосылады. 1995 жылға дейін адамның дамуы туралы дүниежүзілік баяндамаларда оқыту мен қамту көрсеткішінің орнына 25 жастағы және одан жоғары адамдар үшін есептелетін оқудың орташа ұзақтығы көрсеткіші пайдаланылды. Алайда бұдан былайғы 1995 жылғы адамның дамуы туралы баяндамада нөміріне және т.б. қатысу үшін қажетті ресурстарға  қол жеткізуді білдіреді. Адам дамуының осы үш компоненті үшін іс жүзінде әлемнің барлық елдеріне арналған тұрақты есептелетін және салыстырмалы көрсеткіштердің жүйесі ұсынылды. Бұл ретте базалық көрсеткіштердің сандық мәндері адам дамуының белгілі бір аспектісінде таңдау мүмкіндігін кеңейту туралы айтады.

Ұзақ өмір сүруді сипаттайтын көрсеткіштер           

Туу кезінде күтілетін өмір сүру ұзақтығы ұзақ өмір сүруді сипаттайтын көрсеткіш қызметін атқарады. Ықшамдық үшін күтілетін өмір сүру ұзақтығы туралы жиі айтады. Бұл көрсеткіш халықаралық статистиканың ең көп тараған көрсеткіштерінің бірі болып табылады және «өлім кестесі» деп аталатын шеңберде есептеу барысында анықталады. Туу кезінде күтілетін өмір сүру ұзақтығы - ұрпақтың бүкіл өмірінің бойында әрбір жастағы өлім деңгейі оның туған жылындағыдай болып қалатын жағдайдағы ұрпақтың бір адамының алда тұрған орташа өмір сүретін жасының саны. Көрсеткіш тұтас алғанда екі жыныс үшін де, еркек пен әйел үшін жеке-жеке де есептеледі. Тұрғындардың қайыршылық индексін есептеу кезінде пайдаланылатын және ұзақ өмір сүру мен салауатты тұрмыс мүмкіндіктерін айыру дәрежесін сипаттайтын белгілі бір жасқа дейін өмір сүрмейтін халықтың үлесінің көрсеткіші осы көрсеткішті толықтырушы болып табылады. Күтілетін өмір сүру ұзақтығының көрсеткіші даму деңгейі орташа елдер үшін балалардың 5 жасқа дейінгі өлім-жітімі көрсеткішімен, ал жоғары дамыған елдер үшін – ананың өлім-жітімі коэффициентімен толықтырылуы мүмкін.

Тұрмыс деңгейін сипаттайтын көрсеткіштер   

Адам дамуының бұл аспектісінің бұдан бұрынғы екеуінен айырмасы тек қана адамда бар мүмкіндікті ашады, бірақ оларды пайдалануды анықтамайды. Яғни ол таңдаудың өзін емес, тек қана таңдау мүмкіндігін кеңейтетін құрал болып табылады. Тұрмыс деңгейінің мінсіз сипаттамасы адамның мынадай қабілеттіліктерін: жеке табысы; қоғамның топтары арасында табысты бөлу; бұрын жинақталған жеке меншік; жер ресурстары мен кредиттерге қол жеткізу; инфрақұрылым мен қоғамдық тұтыну қорларына қол жеткізу тетігінің өркендеуі (денсаулық сақтау, білім беру, көлік, коммуналдық қызметтер және басқалары); жеке өмір сүру дағдысы; отбасының көлемі мен құрылымы; үй шаруашылығында жасалатын игілік; тұратын жердегі табиғат-климаттық және экологиялық жағдайларды және т.б. дамыту мен іске асыру мүмкіндіктерін айқындайтын толып жатқан факторларды ескеруі керек.


Тұрмыстың материалдық деңгейін бағалау үшін қандай да бір тікелей көрсеткішті таңдаудың қиындығына байланысты жанама базалық көрсеткіш – халықтың жан басына шаққанда жалпы ішкі
өнімнің (ЖІӨ) шамасы пайдаланылады. Бұл ретте халықаралық деңгейде салыстыру мақсатында
халықтың жан басына ЖІӨ ұлттық валютаның АҚШ долларына қатынасы бойынша сатып алу қабілетінің тепе-теңдігінің (СҚТ) көмегімен халықтың жан басына нақты ЖІӨ-де АҚШ долларына айырбасталуы тиіс. СҚТ-дан Америка Құрама Штаттарында 1 АҚШ долларына сатып алуға болатын тауарлар мен қызметтердің ұқсас көрнекі себетін сатып алу үшін қажетті ұлттық валюта бірлігінің саны түсініледі. Экономикалық дамуына байланысты әртүрлі топтарға кіретін елдер елді топтың ішінде материалдық тұрмыс деңгейіне байланысты неғұрлым объективті саралауға мүмкіндік туғызатын қосымша көрсеткіштерді пайдалану арқылы салыстырылуы мүмкін. Мәселен, онша дамымаған елдер үшін халықтың жан басына шаққандағы нақты ЖІӨ лайықты өмір сүруге қажетті ресурстарға қол жеткізу негізінде қалыптасқан барлық жағдайды біршама парапар көрсетеді. Даму деңгейі орташа елдер үшін бұл көрсеткішті негізінен біршама артта қалған елдерге тән проблемалардың кең таралған деңгейін сипаттайтын табысы кедейлік шегінен төмен адамдардың үлесінің көрсеткішімен толықтыру орынды. Экономикалық дамыған елдер үшін бұл екі көрсеткішті табысы бойынша теңсіздік деңгейін ескеретін көрсеткішпен толықтырған жөн:

Y = (1 – G) * Yr, мұнда G – Джини коэффициенті; Yr – халықтың жан басына нақты ЖІӨ.
Халықтың жан басына нақты табысы тең болған кезде Джини коэффициенті елді тұрмыс деңгейі
бойынша саралауға жағдай жасайды.

 Адам дамуының индексі (АДИ)

Адам дамуының индексі басқа үш индекстің: туу кезіндегі күтілетін өмір сүру ұзақтығы, білім алу және жан басына табыс деңгейінің орташа арифметикалық шамасы ретінде есептеледі. Білім алу деңгейінің индексі сауаттылық деңгейінің (үштен екі салмағымен) және білім алудың қол жетімділік
(үштен бір салмағымен) индекстерінің негізінде есептеледі. Индекстерді есептеу негізінде төрт көрсеткіш жатыр, олардың мүмкін болатын мәні мынадай шектерде:

Көрсеткіштер Ең азы Еі көбі
Туу кезінде күтілетін өмір сүру ұзақтығы, жас 25 85
Ересек тұрғындардың сауаттылығы, % 0 100
Оқытумен қамтылу, % 0 100
Халықтың жан басына нақты ЖІӨ, СҚТ бойынша А 100 40000

 Қазақстанның мысалында 2008 жылы негізгі көрсеткіштері мынадай мәнге ие болған адамның
даму индексі әлеуетінің есебін суреттеп көрейік:

Көрсеткіштер Мәні
Туу кезінде күтілетін өмір ұзақтығы, жас 67,11
Ересек тұрғындардың сауаттылығы, % 99,5
Оқытумен қамту 91
Халықтың жан басына нақты ЖІӨ, СҚТ бойыншаАҚШ долл. 10421

Гендерлік факторды (ГФДИ) ескере отырып АДИ

Гендерлік факторды (ГФДИ) ескере отырып адам дамуының индексінде АДИ-дегідей көрсеткіштер пайдаланылады. Олардың арасындағы айырмашылық мынада, ГФДИ шеңберінде әрбір ел үшін күтілетін өмір сүру ұзақтығы, білім алу мен табыстың қол жеткізілген деңгейі саласындағы көрсеткіштердің орташа мәні ерлер мен әйелдердің жетістіктерінің деңгейі арасындағы алшақтық шамасына сәйкес түзетіледі. Жыныстардың жағдайындағы айырмашылыққа осы түзетуді жүзеге асыру үшін, мән аз болған сайын соншалықты мән аз қабылдайтын байыпты орташа функция қасиетіне негізделген безбендеу (орташаның мажорлылық ережесі) формуласы пайдаланылады.

 Гендерлік бөліктегі табыс индексінің есебі неғұрлым күрделі сипатта болады. Елде өндірілген табыс ерлер мен әйелдердің арасында олардың алатын жалақысының үлесіне үйлесімді бөлінетіні алдын ала ескеріледі. Табылған табыстағы әйелдер мен ерлердің үлесін есептеу кезінде деректердің екі түрі: әйелдердің орташа жалақысының ерлердің орташа жалақысына қатынасы мен экономикалық белсенді халықтың 15 және ересек жастағы әйелдер мен ерлердің пайыздық үлесі пайдаланылады. Әйелдердің орташа жалақысының ерлердің орташа жалақысына қатынасы туралы деректер болмаған жағдайларда, барлық елдер үшін жалақы туралы мәліметтер бар жалақы көрсеткіштерінің безбенделген орташа қатынасы 75 пайыз мөлшерінде пайдаланылады.


Гендерлік теңсіздік индексін есепке алумен АДИ (ГТАДИ)

ГФДИ (оның үш индексінің орташа арифметикалық құрамдаушысы) есебі мынаны көрсетеді, халықтың жан басына шаққандағы ЖІӨ өндірісінің және туу кезіндегі күтілетін өмір сүру ұзақтығының көлемі бойынша гендерлік теңсіздік Қазақстанның АДИ-ін соңғы жылдары бар-жоғы төрт-алты мың пунктке төмендетуге алып келеді, бұл басқа елдердің арасында еліміздің адам дамуының деңгейі бойынша бір-екі орынға төмен жылжуымен салыстыруға келеді.

Тұрғындардың қайыршылық (кедейлік) индексі (ТҚИ, ТКИ)

Жекелеген елдердің әлеуметтік-экономикалық жағдайына байланысты халықтың кедейлігінің
көрсеткішінің индексінде әртүрлі іріктелуі жүзеге асырылуы мүмкін. Дамушы елдерге (ТҚИ-1) ұсынылған 1997 жылғы Адамның дамуы туралы дүниежүзілік баяндамада ТҚИ-да адам өмірінің
барлық үш аспектісі көрсетілген, олар қазірдіңөзінде АДИ-де көрініс тапқан – ұзақ өмір сүру, білім,
өмірдің баламалы деңгейі.

Қазақстанның өңірлері бойынша АДИ
 

АДИ-ды пайдалану оны кішірейту арқылы жақсаруы мүмкін. Елдің жалпы индексі адамдардың әртүрлі топтары елдің ішінде, мейлі айырмашылық өңірлерге, жынысқа немесе жердің тұрпатына
(қалалық немесе ауылдық) байланысты болсын адам дамуының әртүрлі деңгейіне ие бола алатын сол фактіні жасыра алады.

Халықтың ресурстарға қол жеткізуін неғұрлым объективті көрсеткен көрсеткішті таңдау өңірлер бойынша АДИ-ды есептеу кезінде негізгі проблема болып табылады. Ел деңгейінде БҰҰДБ әдіснамасына сәйкес мұндай көрсеткіш ретінде жан басына ЖІӨ қабылданды. Өңірлер бойынша өндірістік әдіспен есептелген жалпы өңірлік өнім (ЖӨӨ) осы көрсеткіштің аналогы болып табылады. Осы көрсеткішті АДИ-ды есептеу кезінде пайдалану өңірлер бойынша АДИ-ды есептеу әдіснамасының ең осал жері болып табылады. Экспортқа бағдарланған салалардың өндірістегі ЖӨӨ-нің жоғары үлес салмағы өңір халқының алдамшы экономикалық әл-ауқатының көрінісін жасайды.

Лайықты тұрмыс деңгейін қамтамасыз ететін ресурстарға қол жеткізуді сипаттайтын көрсеткіш есебінде халықтың жан басына шаққанда ЖӨӨ-ні пайдалану сынын ескере отырып, адамның дамуы туралы ұлттық есептер үшін өңірлік тұрғыда деректер дайындау және АДИ-ды есептеу кезінде осы көрсеткішпен қатар халықтың ақшалай табысының көрсеткіші пайдаланылды.

Республикалық деңгейде халықтың жан басына шаққанда ЖІӨ-нің шамасы мен ақшалай табыстың 1993-2008 жылдары 2,9-4,1 есе өзгеше болғанын атап өту қажет. Бұл үш себепке байланысты.

Біріншіден, үй шаруашылықтарын тексеруден түскен ақшалай табыс оларды кемітіп көрсетумен байланысты жүйелік қатені қамтиды. Бағалау бойынша үлкен деңгейде кеміту 1999-2008 жылдары мәлімделген ақшалай табыстың төрттен бірінен үштен біріне дейін құрады. Екіншіден, ЖӨӨ халықтың ақшалай табысының төрттен біріне дейін құрайтын заттай нысандағы, сондай-ақ үй шаруашылығында олардың иелері ретінде қолданылатын жеке игілікті бағалау құнын қамтиды.
Оларға, атап айтқанда, жеке меншік тұрғын үйде тұрудың шартты бағасы жатады. Үшіншіден, ЖӨӨ оны түпкілікті пайдалану тұрғысынан қарағанда тұтынуға ғана емес, қор жинауға да пайдаланылатын
табысты қамтиды. Бұдан басқа, облыстар бойынша ЖҚҚ сомасы өңірлер бойынша бөлінбейтін ЖІӨ
ЖҚҚ шамасына маңызды болмайтынын атап өту керек.

Жоғарыда көрсетілген себептердің салдарынан СҚТ бойынша халықтың жан басына шаққандағы ақшалай табысты АҚШ долларына аудару ресурстарға қол жеткізу бағасын төмендетуге алып келеді. Сондықтан нәтижені республикалық деңгейде үйлестіру мақсатында СҚТ көмегімен АҚШ долларына аударылған халықтың жан басына шаққандағы ақшалай табыс, жан басына ақшалай табысқа жан басына ЖІӨ қатынасын білдіретін коэффициентке көбейтіледі. Бұл коэффициент халықтың жан басына ақшалай табысты түзету үшін және өңірлер бойынша пайдаланылады. Нәтижесінде орташа республикалық деңгеймен өңірлердің халқының ақшалай табысының ара салмағы сақталады.

    Home | Contacts | Public Information Policy
    Copyright 2008-2012 © UNDP Kazakhstan
    Сайтты жасау —
    «Веб студия 4Design»