UNDP Global Web Site
Development and Transition
kick out poverty
Ассамблея народов Казахстана
Сіздің ойыңызша, Қазақстандағы БҰҰ Даму Бағдарламасының қай саладағы қызметі өзекті?
Климаттың өзгеруіне қарсы күрес
Қазақстандағы энергожабдықтауды жоғарылату
Каспий биологиялық алуан түрлілгін сақтау
Тұрақты даму
Кедейшілікпен күрес
Әлеуметтік қызмет көрсетуді жақсарту
Гендерлік теңдік
Қазақстанның сулы-батпақты алқаптарын сақтау
Аймақтық даму
Ақпарат көздеріне шығу мүмкіндіктерін жақсарту

БҰҰ-ның жобалары
БҰҰДБ/ҒЭҚ Aлтай-Саян жобасы
БҰҰДБ/ҒЭҚ сулы-батпақты жобасы
БҰҰДБ/ҒЭҚ жел энергетика жобасы
Энергмялык жобасы
Басты бет / Қазақстанның даму Картасы

Қазақстанның даму Картасы

Lorem ipsum

Тәуелсіздік күні
16 желтоқсан 1991 ж.
Ресми тілдер
Қазақ – мемлекеттік,                                                    орыс – ресми
Астанасы
Астана (653,8 мың адам)
Басқару түрі
Президенттік-парламенттік республика
Аумағы
2 724 900 шаршы км
Халқы
  • Барлығы
  • Тығыздығы
 
15,82 млн. адам  
5,8 адам/ш.км
ІЖӨ
  • Барлығы (2008)
  • Адам жанына шаққанда (2008)
 
$ 132,5 млн.
$ 8, 45 мың
Құнсыздану деңгейі (2008):
9,5%
Тұтынушы қалтасының бағасы
$101
Әр адамға шаққандағы орташа айлық табыс
$ 505
Негізгі капиталға салынған инвестициялар
3 836,1 млрд. тенге
Қазақ теңгесі (KZT, код 82)
+7
Сағаттық белдіктер
UTC +5, +6.

Орналасуы  
Қазақстан екі құрлықтың – Еуропа мен Азияның тоғысында, шығыс бойлығының 45 пен 87 градус арасында, солтүстік ендігінің 40 пен 55 градус арасында орналасқан. Аумағы бойынша дүние жүзінде 9-шы орынға ие, ол Ресей, Қытай, АҚШ, Аргентина, Бразилия, Канада, Үндістан мен Австралия елдеріне аумағы жағынан жол береді.
Қазақстан: ҚХР-мен – 1460 км, Қырғызстанмен - 980 км, Түркменстанмен - 380 км, Өзбекстанмен - 2300 км, Ресей Федерациясымен - 6467 км бойына шекаралас. Шекараның жалпы ұзындығы - 12187 км. Әкімшілік жағынан Қазақстан 14 облыс (аумақ), 84 қала, 160 аудан, 241 қала типті ауылдар, 2,049 ауылдан тұрады.
Республиканың аумағы - батысында Еділдің төменгі ағысы, шығысында Алтай тауының етегінімен ұласып, солтүстігінде Батыс Сібір ойпатынымен, оңтүстігінде Қызылқұм шөлі мен Тянь-Шань тау жүйесінін арасында, екі сағаттық белдікте орналаса созылып жатыр.
Жер бедері
Қазақстан аумағының көп бөлігін шығыс және оңтүстік шығысынан таулармен жиектелген дала жазықтығы алып жатыр. Елдің орталық аудандарында Сарыарқа алып жатыр, Сарыарқаның солтүстігінде, Есіл өзенінің бастауында Казақстанның орталығы – Астана қаласы, Сарыарқаның батысында Торғай үстірті мен киелі Ұлытау таулары орналасқан. Қазақстанның шығысында Алтай және Сауыр-Тарбағатай таулары, олардың арасында Зайсан көлі орналасқан.
Қазақстанның оңтүстігінен шығысына қарай Тянь-Шань таулары созылып жатыр, Қырғызстан және Қытай елдерінің шекарасында биіктігі теңіз деңгейінен 7 000 м (Хан Тәңірі шыңы, 7010 м) тең. Елдің оңтүстік-шығысында Жоңғар Алатауы мен Іле Алатауы жоталары орналасқан, Іле Алатауының етегінде Қазақстанның бұрынғы астанасы – Алматы қаласы орналасқан.
Елдің батысында Каспий ойпаты мен Орал тауларының оңтүстік бөлігіболып табылатын аласа Мұғалжар тауы орналасқан. Маңғышлақ түбегінде Қарагие (Батыр) шұңқыры жатыр, ол теңіз деңгейінен 132 м төмен орналасқан. Маңғышлақ түбегінің шығысындағы Үстірт шоқысы жатыр.
Қазақстанның солтүстік бөлігі түгелдей Батыс-Сібір жазықтығында орналасқан. Жазықтықтың оңтүстігінде Көкшетау таулары орналасқан.
Климаты
Климаты құрлықты. Қаңтар айның орташа температурасы – 19°C – ден бастап −2 °C дейін, шілде айының орташа температурасы +19°C-ден бастап +28°C дейін.

Демографиясы
Мемлекетінің аумағының үлкендігіне қарамастан, халық тығыздығы 1 шаршы км. 5,8 адамға тең болып отырған Қазақстан - әлемнің ең аз қоныстанған елдерінің бірі болып табылады. 2009 жылдың 1-ші қаңтарында республиканың халық саны 15778,2 мың адамға тең болды, соның ішінде қалалық жерлерде – 8423,7 мың, ауылды жерлерде – 7354,5 мың адам тұрады. Бүгінгі Қазақстан – халқының құрамы көп ұлтты мемлекет. Қазақ ұлты барлық халықтың 2/3 бөлігің, яғни 67 пайызын құрайды. Сонымен қатар елде ірі орыс диаспорасы (халықтың 21 %) тұрып жатыр. Ірі екі негізгі этникалық топтардан басқа Қазақстанда 120-дан астам ұлт өкілдері тұрады. Олардың ішінде 800 мың – украиндық, 500 мың – неміс, 400 мың – өзбек, 300 мыңнан аса татар халқы бар.
Еркектер мен әйелдердің ара қатынасы әйел жынысының сәл басымдылығынан (51,8%) құралады. Жалпы халық санының өзгеруі, бірінші ретте, халықтың тууы мен өлімінің санының өзгеруінен қалыптасып отырған, табиғи өсімнің әсері. 1999-2008 жж. жалпы республикадағы халықтың табиғи өсімі 1141,6 мың адамға тең болды, 1999 жылмен (70,2 мың) салыстырғанда 2008 жылы 204,2 мың адамға дейін өсті.
1999-2008 ж. республикада 2671,3 мың адам өмірге келді. Халықтың 1000 адамына шаққандағы туудың жалпы коэффиценті 1999 жылы – 14,6, 2008 жылы – 22,9 промиллеге тең болды.
1999 жылғы халықтың орташа өмірінің ұзақтығы – 65,7, 2007 жылы – 66,3 жасқа тең болды. Республикада әйелдер мен ер адамдардың өмірінің ұзақтығының арасындағы үлкен айырмашылық байқалып отыр, 1999 жылы әйелдер мен ерлердің арасындағы айырмашылық 10,3 жасқа тең болған.
Дін
Қазақстан зайырлы поликонфессиялы мемлекет болып табылады. Негізгі, кеңінен таралған діндер: ислам мен христиандық болып табылады. Ұлыбританиядағы Қазақстан елінің елшілігінің 2007 жылғы мәліметтері бойынша – ислам дінін халықтың 70 %, христиан дінін 25%, 5 % басқа діни нанымдарды (кришнаизм мен буддизмді қоса алғанда) ұстанады.

Мемлекеттік басқару
республиканың тәуелсіздігі 1991 жылы жарияланды. Қазақстан – президенттік-парламенттік нұсқадағы біртұтас мемлекет. Мемлекет басшысы – Президент Нұрсұлтан Назарбаев (www.akorda.kz сайтына сілтеме), 1991 жылы сайланып, 1995 және 1999 жж. қайта сайланған. был избран в 1991 г., и переизбран в 1995 и 1999 г.г. Парламент (http://www.parlam.kz сайтына сілтеме) жоғарғы өкілетті заң шығарушы ұйым болып табылады. Екі палаталы Парламент Сенат (45 орын) және Мәжілістен (107 орын) тұрады. Сенатты Қазақстан Республикасының әр облысынан 2 адамнан, республикалық маңызды бар қалалардан және астанадан сайланатын депутаттар құрайды. Он бес депутат, Сенаттағы қоғамның ұлттық-мәдени және басқа да мүдделерінің қажеттілігіне негізделе отырып Қазақстан Республикасының Президентімен тағайындалады. Сайланатын депутаттардың жартысы әр 3 жыл сайын қайта сайланып отырады. Сенат депутатының өкілдігінің мерзімі – 6 жыл. Мәжіліс 107 депутаттан тұрады. Мәжілістің тоқсан сегіз депутаты жалпыға ортақ, тең және тікелей сайлау құқығы арқылы құпия сайлау негізінде бірегей жалпыұлттық партиялық тізім бойынша саяси партиялардан сайланады. Мәжілістің тоғыз депутаты Қазақстан халқы Ассамблеясының ұсынуымен тағайындалады. Мәжіліс депутаттарының өкілділігінің мерзімі – 5 жыл. Сот өкiметiнiң жоғарғы органдары болып Жоғарғы сот және Конституциялық кеңестер болып табылады.
Саяси және әлеуметтік белсенділік
Қазақстанда ресми 10 саяси партия тіркелген:
• «Әділет» демократиялық партиясы
• «Ақ жол» демократиялық партиясы
•  «Азат» Қазақстанның демократиялық партиясы  
•  «Ауыл» Қазақстанның социал-демократиялық партиясы
•  Қазақстанның Коммунистік Халықтық партиясы
•  Қазақстанның Коммунистік партиясы
• «Нұр Отан» Халықтық-Демокатиялық партиясы  
•  Жалпыұлттық социал-демократиялық партия
•  Қазақстан патриоттарының партиясы
•  «Руханият» партиясы
Қазақстанда 3500-ден астам ҮЕҰ (үкіметтік емес ұйымдар) тіркелген (www.npo.kz ), олар, азаматтарды жұмыспен қамтамассыз ету, кәсіпкерлік ынталандыруды дамыту, қоғамдағы келеңсіз жайларды шешу, мүгедектердің қоғамға белсенді араласуын, денсаулығы нашар адамдардың оңалуы, салықтық мәдениеттің енуі, құқықтық білімнің таралуы, әртүрлі дауларды соттан бұрын қарау жүйесін енгізу, тұтынушылардың құқығын қорғау және басқа да құқық қорғау қызметтері, республиканың және аудандардың экологиялық мәселелеріне қоғамның назарын аудару, үйі жоқ балаларға көмек көрсету, жастар арасындағы азаматтық белсенділікті дамыту, ауылдық аймақтардағы әлеуметтік дамуды қолдау, халықтың әлеуметтік жағынан қорғалмаған және мұқтаж топтарына шет елдерден гуманитарлық көмекті республикаға тарту және т.б. сияқты 30-дан астам бағытта жұмыс жүргізеді.
Мемлекеттік мерекелер  
1-2 қаңтар – Жаңа жыл
8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні
22 наурыз – Наурыз мейрамы (шығыс елдерінің көктем және жаңару мейрамы)
1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні
9 мамыр – Жеңіс күні
6 шілде – Астана күні  
30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституциясы күні
16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі күні.
 
    Home | Contacts | Public Information Policy
    Copyright 2008-2012 © UNDP Kazakhstan
    Сайтты жасау —
    «Веб студия 4Design»